«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАХАББАТ – МӘҢГІЛІК ТАҚЫРЫП

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының сахнасында Т.Қ.Жүр­генов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының театр өнері факультетінің студенттері Уильям Шекспирдің “Ромео мен Джульетта” пьесасын қойды.

Әлемдегі ең танымал трагедия­ны сахналауға бел буған студенттердің өнері көрерменнің көңілінен шыққан сыңайлы. Қойылымның режиссері – 5 курс студенті Арухан Заханова.

Сахна шымылдығы түрілген сәт­тен баурап алар әдемі махаббат хи­каясының арқасында Веронаның кө­шелері тек ғашықтардың кез­десу орны ғана емес, адамдар ара­сындағы қулық пен сұмдықтың шайқасына ай­налады. Жастардың әзіл-қал­жыңы да, әні де, әңгімесі де, қай­шылыққа толы теке-тірестері де үн­десіп жатты.

Ақпан айында дуальды оқыту жүйесінің негізінде қаламызға табан тіреп, 4 ай бойы өнерлерін шың­даған студенттер осы уақыт ішінде жи­нақтаған тәжірибелерін сахна тө­рінде көрсетіп, сол за­манның тыныс-тіршілігін сездіртті.

Бір-бірін ата жау көретін екі әулет. Бір көргеннен құлай сүйіп, бір-біріне ессіз ғашық болған екі жас. Келісті де келбетті, жаны нәзік Ро­мео мен ақылына көркі сай Джульет­та. Жасырын некелесіп, өмірдің ащы­сын да, тұщысын да бірге көрмек болған екі жас, өкінішке қарай, қа­бірде қосылды. Осы қасіретті оқиға­дан кейін Монтекки әулеті мен Капулетти отбасы татуласқаны ғана трагедиядағы жылт еткен сәуле іспетті.

Сту­денттердің дипломдық жұмыстарын бағалау үшін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылбек Боран­бай, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректо­ры, Қазақстанның еңбек сіңірген қай­раткері Азамат Сатыбалды, театр өнері факультетінің деканы Мәдина Кульсеитова, “Серпер” жастар ода­ғы сыйлығының лауреаты Баян Қажнабиева арнайы келді.

Мақпал ЕРҒАЛИЕВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp