«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сепаратизм үшін сотталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда елдің бүтін­дігін бұзуды сұрап, ұлтаралық алауыздық тудырған қала тұр­ғыны 3 жылға бас бостан­ды­ғынан айырылды.

Петропавл қалалық соты Қылмыстық кодек­стің 180-бабы 2-бөлігі “Телеком­му­никация желілерін пайдалана оты­рып, Қазақстан Республикасы­ның біртұтастығын, оның аумағына қол сұғылмауын және бөлінбеуін бұзуды насихаттау” бойынша С.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

“Петропавл тұрғыны 2021 жылғы 6 қыркүйек күні шамамен сағат 22:00-де әпкесінің ұялы телефонын пайдалана отырып, бейнебайланыс арқылы әлемнің түкпір-түкпірінен пайдаланушылардың анонимді қа­рым-қатынасына арналған “Чат Ру­летка” қосымшасына кірген. Кездей­соқ қосылу нәтижесінде бұрын таныс емес ер адаммен онлайн әңгімелес­кен. “Чат Рулетка” қосымшасындағы бейнебайланыс арқылы әңгімелесу барысында С. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласын Ресей Федера­ция­сының құрамына алуды өтіне бас­таған. Ер адам әңгімені жазып алып, сол күні жазбаны “YouTube” бейнехостингінде жариялады”, – делінген баспасөз хабарламасында.

Прокурор С.-ны 6 жылға бас бос­тандығынан айыруды сұрады. Сот­та­лушы кінәсін ішінара мойындады. Айыпталушының кінәсі толық дә­лелденді.

Петропавл қалалық соты С.-ның жұбайы 1-топтағы мүгедек екендігін және жас баласының барын ескеріп, оны 3 жылға бас бостан­дығынан айыру жазасына кесті. Жа­засын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.

Алтынай ҚАЗИҚАН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp