«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АБАЙДАҒЫ АЛАПАТ ӨРТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Абай облысының орманды алқабын жайлаған алапат өрт қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырды. Жасыл желектен бөлек, тілсіз жау 14 адамның өмірін қиды. Қазақ елі апат салдарынан құрбан болғандарды еске алып, аза тұтуда. Ал қолы ашық ағайын апаттан зардап шеккендерге жылу жинап, гуманитарлық көмек ұйымдастыруда. Жекелеген қорлар да қаржы жиып, Семей жұртына аударып жатыр.

Мәселен, “Халықаралық волонтерлік желі” ұйымының шотына бірнеше сағатта он миллион теңгеден астам қаржы түскен. Аталған қорға ақшаны азаматтар банктердің мобильді қосымшалары арқылы да аудара алады. Бұдан бөлек, “Amanat” партиясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлердегі филиалдарында да көмек жинау орындары жұмыс істеуде.

– Күні кеше болған жағдай бәрімізге ауыр тиді. Қайғылы хабарды ести салысымен елдегі “Жастар рухы” жастар қанатының еріктілері де Абай облысына аттанды. Онда еріктілер жиналған керек-жарақты, азық-түлікті Қаштақ, Талица елді мекендеріне жеткізіп, өртсөндірушілерге үлестіреді, – дейді облыстық “Жастар рухы” филиалының төрағасы Біржан Құдайберген.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, өрттен зардап шеккен елді мекендердің 150 тұрғыны эвакуациялық пункттерге орналастырылған. “Тілсіз жаумен” 1,5 мың адам күресуде. Құтқарушылар мен зардап шеккен тұрғындар үшін көмекті Абай облыстық “Ақ Ертіс”, “Оса Семей” ұйымдары да жинауда. Елдегі ірі компаниялар да құрбан болғандардың отбасыларына материалдық қолдау көрсетуде. Президент тапсырмасына сай алдағы уақытта өрттен зардап шеккендерге арнайы жәрдемақы тағайындалатын болады.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp