«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Винокуров бабында

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тайландта өткен велоспорттан Азия біріншілігінде жерлесіміз Александр Винокуров жеңім­паз атанды. Солтүс­тікқазақстандық ардагер-спортшы “Masters” санатында­ғылар арасында өнер көрсетті.

Лондон олимпиадасының чем­пио­ны, атақты велошабандоз Алек­сандр Винокуров ел құрамасы са­пында Азия біріншілігіне қатысып, 50 жастан асқан спортшылар ара­сында топ жарды. Даңқты солтүс­тікқазақстандық жекелей сында үз­дік нәтиже көрсетіп, мәре сызығын бірінші болып кесті. Аталмыш дода­да ол 15 шақырымдық қашықтықты 20 минут 6 секундтың ішінде ба­ғындырды. Екінші орынды тағы бір отандасымыз Алексей Абраменко иеленді.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp