Полиция қызмекерлері облыс тұрғындарына күмәнді заттарды қолдан сатып алмау керектігін ескертеді. Егер күдікті адам төмен бағамен сатқан “тауар” ұрланған мүлік болып шықса, оны иесіне қайтаруға тура келеді. Бұған 15 мың теңгеге “Trinx” велосипедін сатып алған қала тұрғыны көз жеткізді. Көп ұзамай велосипедті полицейлер алып кетті.
Қылмыс сәуір айының екінші жартысында жасалған. Белгісіз қылмыскер көршілес орналасқан көлікжай арқылы қабырғаны бұзып кірген. Қалалық криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тексеріп, күдіктіні анықтады. Ол бұрын сотталған 33 жастағы қала тұрғыны болып шықты.
Әсет ҚАНАФИН.