«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Желаяқтар есірткіге қарсы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдың жүздеген тұрғы­ны есірткіге қарсы акцияны қолдап, жаппай жүгіруге қатысты. Жарыс басталар алдында қатысушылар дене шынықтыру жаттығуларын жасады.

– Жарыс халықаралық наша­қорлықпен күрес күні қарсаңында өткізілуде. Бүкіл әлем оны 26 маусымда атап өтеді. Бүгін мұнда қаламыздың көптеген спортшылары мен белсенділері жиналды. Са­ламатты өмір салтын насихатта­ғандарыңыз үшін зор алғысымды білдіремін. Жарысымыз “Спорт есірткіге қарсы” ұранымен өтуде, – деді облыстық полиция департа­менті есірткі қылмысына қарсы кү­рес басқармасының бастығы Иван Терзиди.

Қатысушылар арасында кәсіби марафоншылар да болды. Александр Загвоздин жүгірумен елу жылдан астам уақыт бойы айналысып келеді, жасы бүгінде 65-те.

– Мен жүгірген кезде өзімді сер­гек сезінемін. Акцияға қатысу арқы­лы жастар арасында спортты насихаттағым келеді, – деді Александр Загвоздин.

Акцияға қатысушылар Горький, Кәрім Сүтішев, Пушкин және Қазақстан Конституциясы көшелерімен жүгі­ріп өтті. Желаяқтар екі шақырым­нан астам қашықтықты бағындырды. Мәреге алғаш жеткен қатысушыларға медальдар табысталды.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp