«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Иесіне қайтарылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Полиция қызмекерлері облыс тұр­ғындарына күмәнді заттарды қолдан сатып алмау керектігін ескертеді. Егер күдікті адам төмен бағамен сат­қан “тауар” ұрланған мүлік болып шық­са, оны иесіне қайтаруға тура келеді. Бұған 15 мың теңгеге “Trinx” велоси­педін сатып алған қала тұрғы­ны көз жеткізді. Көп ұзамай велоси­педті по­лицейлер алып кетті.

Қылмыс сәуір айының екінші жарты­сында жасалған. Белгісіз қылмыскер көршілес орналасқан көлікжай ар­қылы қабырғаны бұзып кірген. Қала­лық криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері бейнебақылау ка­мераларындағы жазбаларды тексе­ріп, күдіктіні анықтады. Ол бұрын сот­талған 33 жастағы қала тұрғыны бо­лып шықты.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp