«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қос браконьер қамалды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс полицейлері заңсыз аң ау­лаған екі браконьерді ұстады. Ауыл тұрғындары лақтайын деп жүрген маралды атып алған.

Патрульдік полиция батальо­ны­ның қызметкерлері 29 мамыр күні Қы­зылжар ауданының аумағында құ­жат­­тарды тексеру мақсатында Тайын­ша ауданының 62 жастағы тұр­ғыны тіз­гіндеп келе жатқан “Mitsu­bishi Out­lan­der” автокөлігін тоқтатты. Оның жанын­да 41 жастағы ауылда­сы отырған.

Жүксалғышты тексеру кезінде іші­нен жануардың еті табылды. Ал­ғашында ер адамдар оның сиыр еті екенін және Петропавлға сатуға апа­ра жатқанын айтқан. Жедел-тергеу тобының тәжірибелі қызметкерлері олардың сөзіне күмәнданған. Еттің шын мәнінде жабайы аңның, яғни маралдың етіне ұқсайтыны анық байқалып тұрған.

Аталған факті Қазақстан Респуб­ликасы Қылмыстық кодексінің 337-бабы “Заңсыз аңшылық” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Күдіктілердің айтуларынша, маралды Тайынша ауданында­ғы Макашевка ауылынан 15 шақырым жерде атып алған. Олардың бірі­нің тұрғылықты жерінен еттің бір бөлігі мен “Caesar Guerini” мылтығы тәркіленді. Қару осы іске қатысы бар екінші адамға тіркелген, оның үйінен полицейлер етті мүшелеген орынды тапты.

“Күдіктілерден жауап алу бары­сында олар жануардың басын, терісін, тұяқтарын лақтырып кеткен орынды көрсетті. Екі ер адам да қа­мауға алынды. Қа­зіргі уақытта облыс аумағында қандай да бір аңшылыққа тыйым салынған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабы­ның санкциясымен 3 жылға дейінгі мер­зімге бас бостандығынан айы­руға дейінгі жаза көзделген”, – дейді Қы­зылжар аудандық полиция бөлімінің бастығы Әлихан Байқадамов.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp