Қостанай облысындағы Озерный ауылында гір көтеру спортынан ел біріншілігі өтті. Оған өңіріміздің атынан 30 спортшы қатысты.
Артем Головин 73 килограмм санатындағылар арасында алтыннан алқа тағынып, абсолютті чемпион атанды. 95 килограмда Виталий Диденко жеңіс тұғырына көтерілді. 85 килограмда Валентин Федоровский күміс медальмен күптелді. 68 килограмда Олег Окс үшінші орынға ие болды.
Қыздар арасында да жерлестеріміз жүлдегерлер қатарынан көрінді. Мария Головина 63 килограмм салмақ дәрежесінде серпе көтеру жаттығуында жеңімпаз атанып, жұлқа көтеру әдісінде үшінші орынға жайғасты. 58 килограмда Елена Костенко үшінші орын иеленді. 63 килограмда Любовь Синько күміс медальді еншіледі. Салмағы 68 килограмм Марина Евич серпе көтеру жаттығуында чемпион атанса, жұлқа көтеру әдісінде екінші орынға тұрақтады. Салмағы 68 килограмнан асатын спортшылар арасында Сабина Шпеттер қос жаттығуда да күміс медальға қол жеткізді.
Өңір гір көтерушілері жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.