«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тартысты жарыс

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жастар стадионында медицина қызметкерлері жеңіл атлетика, дартс, арқан тарту, асық ату және доп лақтырудан сынға түсті. Бұл дода ақхалаттылардың кәсіби мерекесіне арналып ұйымдастырылды.

Спартакиадаға өңіріміздің 11 емдеу мекемесінен келген қызметкерлер қатыс­ты. Олардың бір бөлігі асық атып жарысса, екіншілері доп лақтырудан сынға түсті. Ал эстафе­тада 2-ші және 3-ші қалалық емхана қызметкерлері мен облыстық жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталық мамандары сайысты. Олар жа­рыстың шарты бойынша белгілен­ген қашықтықты еңсеріп, қолдарын­дағы таяқшаны әріптесіне берулері керек. Тартысты сайыста бірінші бо­лып мәре сызығын 3-ші қалалық емхана өкілдері кесті.

– 400 метр қашықтыққа жүгірдік. Бала күнімнен спортпен айналыс­қаннан соң ба маған қиын болған жоқ. 3-ші қалалық емханада жұмыс іс­тегеніме 1 жыл болды. Ем­ханада 200-ден астам қызметкер бар. Бұл спартакиядаға спортқа бейімі барлары қатысуда, – дейді №3 қала­лық емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері Бекзат Әлмұрат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынба­сары Нұржан Тағаниязов бұл дода бірнеше жылдан бері үзбей өткізіліп келе жатқанын айтты. “Біз бұл сайыс арқылы қала дәрігерлері мен ауыл­дарда жұмыс істеп жатқан маман­дардың өзара байланысын нығайт­қы­мыз келді”, – дейді ол.

Облыстық спартакиада қорытын­дысы бойынша көпбейінді об­лыстық аурухана командасы жеңіске жетті. Жүлдегерлер кубок және грамотамен марапатталды.

Сәлімхан СӘБИТОВ,

облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp