«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШЫҒЫМДЫЛЫҒЫ ЖОҒАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл үшінші жыл солтүстік өңірлерде С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғалымдары шығарған “Дәурен” дақылының көктемгі тритикале сұрпы егілді. Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының диқандары оны сынап көруде. Біздің өңірімізде бұл тұқым 48 гектарға егілген. Ғалымдардың айтуынша, жаңа сұрып 5 жыл бойы зерттеліп, өсіру технологиясы анықталған. Шығымдылығы өте жоғары. Гектарынан 47 центнерге дейін өнім беріпті.

– Жаздық тритикале – өте құнарлы дақыл. Оны мал азығына, тағамға да пайдалануға болады. Бастапқыда 100 тұқым шығарып, ішінен біреуін ғана іріктеп алдық. Көбейтуге бес жыл уақыт кетті. Барлық жұмыс жаңа биотехнологиялық әдістер бойынша жүргізілді, – дейді ғалымдардың бірі Олег Соловьев.

Мамандар елдің солтүстігінің әртүрлі экологиялық және географиялық аймақтарында тритикале өсірудің агротехникалық әдістерін әбден зерттеген. Тритикале – екі түрлі бидайды будандастыру арқылы алынған дақыл. Ол күздік бидай сияқты құнарлы, қара бидай сияқты төзімді. Басқа күздік астық дақылдарына қарағанда топырақ талғамайды. Қара топырақты жерлерде жоғары өнім береді.

Ғалымдар алдағы жылдары “Дәурен” дақылының көктемгі тритикале сұрпы егілетін алқапты кеңейтуді жоспарлап отыр.

Эльмира КАЛЕНОВА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp