Бүгінге дейін өңірде 7495 шетелдік автомобиль заңдастырылды, оның ішінде 88-і елге қосалқы бөлшек түрінде әкелінген. Үкімет қосалқы бөлшек түрінде әкелінген автомобильдерді 5 жыл мерзімге уақытша есепке алуға рұқсат берді.
1 шілдеде шетелдік тіркеудегі автокөлікті заңдастыру рәсімі аяқталады. Осы аралықта көлік заңдастыру шарттары бойынша мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс немесе елден шығарылады. Көлікті осы уақытқа дейін заңдастырмағандар 1 шілдеге дейін өтінім беріп үлгерсе, онда алаңдауға негіз жоқ. Қалған құжаттарын кейін де рәсімдей береді. Сұрақтар туындаған жағдайда 32-00-22, 32-00-19 телефондары арқылы кеңес алуға болады.
– Автокөліктердің иелері 1 шілдеге дейін “eGov.kz” порталы арқылы немесе екінші банктердің қосымшалары арқылы 1 шілдеге дейін өтініштерін қалдыру керек. Осындай автокөліктерді 10 шілдеден бастап есепке, уақытша есепке қою басталады. Айта кететін жағдай, мұндай автокөліктердің иелері бірінші алым үшін 200.000 теңге төлемейді, – деді облыстық полиция департаментінің процессингтік орталығының аға мемавтоинспекторы Қайрат Сейітқұлов.
Нұрбек БАЕКИН,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.