«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сөгіс алды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық прокуратура ба­ла­лар мен жасөспірімдердің екі спорт мектебін тексеріп, көп­те­ген былықтың бетін ашты. Олар­дың кейбірі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұл туралы облыс прокуратура­сы хабарлады. Қадағалаушы орган “Олимп” және “Дельфин” балалар мен жасөспірімдер спорт мектеп­те­рінің жұмысына тексерістер жүр­гізді.

Тексеру барысында еңбек заң­намасын бұзу факті­лерімен қатар, “Дельфин” балалар мен жасөспірімдер спорт мекте­бінде біліктілік санаттарын заңсыз беру, “Олимп” балалар мен жасөспі­рімдер спорт мектебінде тәрбиеле­нушілерді шешіну орындарымен, спорт жабдық­тарымен тиісті қам­та­масыз етпеу және жаттықтыру­шылар ретінде жұмысқа заңсыз ор­на­ласқан адамдар­дың негізсіз еңбекақы алу деректері анықталды.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша облыс әкімдігіне және дене шынықтыру және спорт басқар­масы­на қадағалау актілері енгі­зілді.

Нәтижесінде бюджетке 6,8 млн. теңге қайтарылды, 14 қызметкер әр­түрлі жауапкершілікке тартылып, 4 адам лауазымдарынан босатылды, екеуі біліктілік санаттарынан айырылды. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бас­шысы Сергей Мелеховке сөгіс берілді.

Еңбекақыны негізсіз есептеу, заңсыз ақ­ша жинау, жұмысқа жал­ған орналастыру бойынша тексеріс мате­риалдары процесуалдық ше­шім қабылдау үшін құқық қорғау ор­гандарына – қалалық полиция бас­қарма­сына және экономикалық тер­геу департаменттеріне жіберілді.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp