«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тұрғындармен кездесті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров Мағжан Жұмабаев ауданындағы Чистовское ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиын барысында ауыл тұрғындары өзекті мәселелерді көтеріп, көкейде жүрген ойларын ашық айтты.

Бұл ауылдың тұрғындарын жол, елді мекенді абаттандыру жайы толғандырып отыр. Емен-жарқын әңгіме барысында ауылдың орталық көшесін асфальттау, дәрігерлік амбулатория шатырын жөндеу және балалар алаңын орнатуға бюджеттен қаржы қарастырылатыны белгілі болды.

Ауылдың әлеуетін арттыруға жергілікті шаруа қожалықтары атсалысулары керек. Кәсіпкерлер тарапынан әлеуметтік жауапкершілік артса, ауылдың да гүлденер күні жақын. Осыны түсінген “Чистовский” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұзақ жылдар бойы шаруашылықтың қарамағында болған ауыл клубын күрделі жөндеуден өткізбек. Серіктестік сонымен қатар тарату желілерін таза суға арналған резервуар мен мұнараға қосады. Сонымен қатар көшеге жарық тартпақ.

Өңір басшысы Ганкино ауылына кіреберіс жолдың жөндеу жұмыстарымен танысып, “Березка” балалар сауықтыру лагерінде болды. Балалардың жазғы демалысты тиімді өткізгені маңызды. Облыс әкімі жазғы лагерьлерді жаңартып, балаларға жайлы жағдай бойынша кешенді жұмыстар жүргізу қажеттігін атап өтті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp