«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алаяқтық азайды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгінгі таңда алаяқтық – қылмыстың ең көп тараған түрі. Бұл қылмыс жәбірлену­шінің жас мөлшеріне, түріне, қалтасының қалыңдығына қа­рай түрлене береді. Олар­дың әдіс-тәсілдері де күн сайын жаңарып отырады. Сондық­тан алаяқтардың ар­бауына түсіп қалып жатқан­дар өте көп.

Облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы жыл басынан бері интернет-алаяқ­тық бойынша 342 қыл­мыстық істі тіркеген. Оның 109-ы “банктен қо­ңырау шалу” схемасы бойынша жа­салған.

Облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы, по­ли­ция подполковнигі Мадияр Хари­повтың айтуынша, адамдарды алаяқтардан қорғау үшін алдын алу жұмыстары жүргізіліп отырады. Қаң­тар айынан бастап облыс тұрғында­рына 42 мың жадынама таратылған. Жергілікті телеарналарда алдау сцена­рийлері туралы егжей-тегжейлі баяндалған алты бағдарлама көрсетіл­ген. Учаскелік инспекторлар да тұрғын­дар­ға алаяқтықтың қауіп­тілігі туралы ес­кертіп отырады. Осы­ның арқасында былтырғы жылмен салыстырғанда интернет-алаяқтарға алданып қалу дерегі едәуір тө­мендеген.

Осы ретте банк қызметкерлері клиенттің қандай да бір қаржылық операцияларды жүргізуін талап ете алмайтынын есте ұстаған абзал. Банктің атынан біреу хабарласса, оның заңдылығын тексеру үшін рес­ми телефон нөміріне қоңырау ша­лыңыз. Құпия деректеріңізді бөгде адамдарға бермеңіз. Бөгде адам­дардың немесе сізбен келісімшарт­тық қатынастары жоқ ұйымдардың электрондық поштаға келіп түскен күдікті мәтіндік хабарламаларына жауап бермегеніңіз абзал. Жалпы аялаяқтардың құрбанына айналмас үшін қырағы болу керек.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp