«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Аманғалидің алтыны

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстікқазақстандық палуан Аманғали Бекболатов кезекті мәрте жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінді. Бұл жолы грек-рим күресінің шебері Будапешт төрінде өткен рей­тингілік турнирде атой салды. Ма­жарстан астанасында 55 келінің үз­дігі бес бірдей қарсыласын жықты.

– Бірінші айналымда америка­лық палуанмен күрестім. Екінші, үшін­ші айналымдарда ирандық жә­не өзіміздің палуанды ұттым. Ал төр­тін­ші айналымда Грузия елінің өкілін айқын басымдықпен жеңдім, – дейді халықаралық турнирдің жеңімпазы Аманғали Бекболатов.

Осылайша ақтық сынға жолда­ма алған ол Румынияның үкілеген үміті­мен белдесті. Қарсылас қанша мық­ты болғанымен қазақтың қай­сар ұлы­нан айласын асыра ал­ма­ды.  Ойсы­рай ұтылды.

Бұл – биылғы соңғы әлемдік рей­тингтік турнир. Бұған де­йінгі еке­уінде Аманғали Бекболатов алтын және қола жүлдені ен­шіледі. Мұн­дай жарыстардың қо­рытындысы бо­йынша жаһанның үз­дік­тері анықта­лады. Бүкіләлемдік кү­рес қауым­дас­тығы жыл соңында па­луандар­дың көрсеткішіне сүйене отырып, ақшалай жүлде табыс­тайды.

Мажарстан астанасында қазақ­стандық грек-рим күресінің шебер­лері жалпы саны 2 жүлде еншіледі. Қоржынға Аманғалидың алтыны­нан кейін шымкенттік Мұхаммедәлі Ма­мырбек қола медаль салды.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp