«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тұрғындар асығар емес

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Көптен күткен жаз да көзді ашып-жұмғанша ортасынан ауды. Қыстан қысылмай шығу үшін алтын уақытты бекерге өткізбеген жөн. Мәселен, Петропавлда көпқабатты тұрғын үйлерде қысқа әзірлік баяу жүргізіліп жатыр. Облыс орталығы бойынша тек әр бесінші көп қабатты тұрғын үй ғана тиісті құжаттарын алған.

Петропавл әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс орталығында 1135 көпқабатты тұрғын үй бар. Олардың барлығы тамыз айының соңына дейін дайындық құжатын алулары тиіс.

– Бірінші кезекте біз тұрғындарды ескертеміз. Тұрғындарға пәтерлеріндегі батареяларын ауыстырып, жөндеуге бір ай уақыт бердік. Қазір жылыту жүйесін жуып-шайып тазартып қойдық. Биыл біздің мүлік иелері бірлестігіне қарайтын үш үйде бойлерді ауыстырдық. Олар апаттық жағдайда тұрған еді. Яғни, қысқа дайынбыз, – дейді “Интернационал, 33” мүлік иелері бірлестігінің төрайымы Гүлнара Кәрібаева.

Петропавл қаласы бойынша қазір 200 көпқабатты үй, яғни барлық баспаналардың 18 пайызы ғана жылыту жүйесін жуып-тазалап қойды. Алда әлі 1,5 ай бар.

– Қазір негізінен жөндеу жұмыстары жүргізілуде, сол себепті дайындық кешіктіріліп жатыр. Жылыту жүйесін дұрыстап жуып, қысыммен тексерудің маңызы зор. Сонда қыста қиналмаймыз. Әдетте жүйеде үш атмосфера болады, тексеру барысында оны екі есе арттырады. 30 минут ішінде қысым қалыпты болып, өзгермесе  тексерістен өткені. Кейін бірден қысқа дайындық құжаты беріледі. Тамыз айының соңына дейін бұл жұмысты аяқтау қажет, – дейді Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімінің маманы Ерболат Мұхамеджанов.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp