«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӘСІБИ МАМАН — МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“100 нақты қадам” ұлт жоспарында кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру үшін әдеп мәселелері жөніндегі қызметті енгізу қарастырылған. Ол мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыруға ықпал етеді. Осы мақсатты іске асыру үшін әдеп жөніндегі уәкілдер институты енгізіліп, арнайы ережесі бекітілді. Әдеп жөніндегі уәкілдер инс­титутын нығайтудың мақсаты, халықтың мем­ле­кет­тік ор­­ган­­дарға деген сенімінің ар­­туына, мемлекеттік қызметшілердің мәде­ниетінің қа­лып­­­­­тасуына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасы мен қызметтік әдеп нормаларының бұ­­зылуының алдын алуға мүмкіндік бе­­реді.

Әдеп жөніндегі уәкіл өз құзы­ре­­ті шегінде мемлекеттік қыз­мет­­­шілердің құқықтары мен заң­­­ды мүдделері бұзылған жағ­дай­­ларда, оларды қорғауға және қал­­пына келтіруге бағытталған ша­раларды қабылдайды, мем­ле­­кет­тік қызметшілердің қыз­мет­тік әдеп нормаларын сақтауын мони­то­­рингілеуді және бақылауды жүзеге асы­рады, мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыруға өз үлесін қосады. Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл заңнамасының және қызметтік әдеп нормалары та­лап­тарын бұзудың алдын алуды қам­­тамасыз етеді. Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға кеңес береді. Сонымен қатар мемлекеттік орган­ның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға белсенділік танытқан қызметшілерді көтермелеу туралы ұсыным білдіреді.

Әдеп жөніндегі уәкілдер инс­титутын нығайту, халықтың мем­ле­кет­тік ор­­ган­­дарға деген сенімінің ар­­туына, мемлекеттік қыз­метте өза­­­ра қарым-қатынас мәде­ниетінің қа­лып­тасуына, сондай-ақ сыбайлас жем­­­қорлыққа қарсы заңнаманың және қызметтік әдеп нормаларын бұздың алдын алуға мүмкіндік бе­­реді.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Әдеп кодексінің нормалары, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама нормалары бұзылуының алдын алуға, мемлекеттік қызметкерлердің шектеулерді сақтауына және уәкілетті органның ұсыныстарын орындауына, мемлекеттік қызметкерлердің өз ішінде, бірінші кезекте, халықпен және қоғамдағы азаматтармен өзара қарым-қатынас жасаудағы әдептілігін жақсартуға, сондай-ақ жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардағы ұжымдарда моральдық-психологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған жұмыстарды атқарды.

Осы орайда өткізілген іс-шаралар әдеп жөніндегі уәкілдің және оның қызметін жетілдіру жөнінде бекітілген жұмыс жоспарын іске асыру аясында жүргізілген болатын.

2023 жылғы 7 ақпан және 1 маусымда жұртшылықпен және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл аясында “Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі қоғамдық бірлестікпен бірлескен жұмыс” және “Қызметтік автокөлікті мақсатты пайдалану” тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және қызметтік автокөлікті мақсатсыз пайдалану фактілерін жою жөніндегі нақты жұмыстар талқыланды. Аталған мәселе бойынша мемлекеттік қызметшілердің тәртібін нығайту ісінде одан әрі өзара іс-қимыл мәселелері сөз болды. Жалпы алғанда бұл кездесу –  заңға бағынушылықты қалыптастыруға және қызметтік автокөлік құралдарын пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған бірлескен профилактикалық мониторинг нәтижесі.

Сонымен қатар қызмет әдебінің нормаларын түсіндіру мақсатында, Әдеп кодексінің сақталуын бақылау және оған мониторинг жасау үшін облыс әкімі аппаратының, басқармалардың мемлекеттік және азаматтық қызметкерлерінің қатысуымен офлайн және онлайн режімдегі тұрақты кездесулер ұйымдастырылып отырады.

Атап айтқанда, облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша 206 шара ұйымдастырды. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және қызметтік әдепті сақтау қажеттілігі бойынша республикалық, жергілікті арналарда сюжеттер көрсетілді.

Бұдан басқа мемлекеттік қызметке алғаш келгендерге арналған “Мемлекеттік қызметшілер қызметінің моральдық, әдеп және адамгершілік бағдарларының негіздері”, “Әдеп және адалдық”, “Әдеп нормаларын сақтау”, “Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік қылық және олардың салдары” деген тақырыптарда онлайн және офлайн семинарлар жүйелі негізде өткізіліп тұрады. Осындай жұмыс Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалында да өткізіледі.

Осы жылғы 15 маусым және   6 наурызда облыс әкімі аппаратының және басқармалардың мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған 43 қызметшісіне түсіндіру және профилактикалық кездесу өткізілді. Кездесу барысында жас мамандарға қызметтік әдеп нормаларын түсіндіруден басқа, интерактивті форматта жұмысқа байланысты ғана емес, әртүрлі өмірлік жағдайлар туралы әңгіме жүргізілді.  Алдын алу мақсатында олардың назарына облыстың мемлекеттік қызметшілері жиі жасайтын қызметтік әдепті бұзу фактілері, орын алған сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы айтылды.

Ал мемлекеттік қызмет істері  департаментінің өкілдері аудандардың және Петропавл қаласының әдеп жөніндегі уәкілдерінің қатысуымен төрт жұмыс кеңесін өткізді. Аталған кеңестерде әдеп жөніндегі уәкіл міндетін атқарушыларға “Басшының ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсартудағы ролі”, “Мемлекеттік қызметкерлерге арналған мүдделер қақтығысына, Әдеп кодексін бұзуға және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөніндегі ұсыныстар”, “Мемлекеттік қызметкерлерге арналған әлеуметтік желіде жұмыс істеу жөніндегі жадынама” нұсқаулықтарының мазмұны туралы айтылды. Бұдан басқа, мемлекеттік қызмет істері  департаментімен бірге “SOFT-SKILLS” тақырыбында бір күндік семинар-тренинг ұйымдастырды.

Азаматтарды қабылдау бекітілген кестеге сәйкес “WhatsApp” платформасында және “Facebook” әлеуметтік желісінде  жүйелі түрде өткізіліп тұрады. Азаматтарды қабылдау кестесі, сондай-ақ азаматтарды қабылдау өткізілетін күндер әлеуметтік желіде, БАҚ-та алдын ала жарияланады. 

“WhatsApp” платформасында аудандар және Петропавл қаласының әдеп жөніндегі уәкілдерімен бірлесіп Біріңғай азаматтарды қабылдау және кеңес беру күні өткізілді. 124 жеке қабылдау болса, оның 33-і аудандарда өтті. 150-ден астам мемлекеттік қызметкерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Көшпелі іс-шаралар барысында мемлекеттік қызметкерлердің әдептілік деңгейін арттыру мақсатында, Әдеп кодексінің нормасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды білу деңгейін бағалау тәжірибесі қолданылады. Ескерту мақсатында әріптестерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасалғаны жөнінде бірден хабардар етіледі.

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 170 мемлекеттік қызметкерге мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қызмет әдебі мәселесі жөнінде көмек көрсетілді.

Есепті кезең басталғалы әдеп жөніндегі уәкілге мемлекеттік қызметкерлердің іс-әрекетіне шағымданған 6 өтініш түскен болатын. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 116,6 пайызға аз. Түскен өтініштердің барлығы тексеріліп, заңға сәйкес жауап берілді.

Мемлекеттік қызметкерлердің артық жұмыс істеуінің алдын алу мақсатында облыс әкімі аппаратында және басқармаларда  еңбек тәртібін сақтау ұдайы тексеріліп отырады.

Аудандар және Петропавл қаласы әкімдіктерінің әдеп жөніндегі уәкілдері мен мемлекеттік орган басшыларына мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс режімін сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар жолданды. Жүйелі түрде жүргізілетін алдын алу іс-шараларының арқасында мемлекеттік қызметкерлерді үстеме жұмысқа тарту барынша азайды. Басқармаларда қызметкерді артық жұмыс істеуге тарту туралы тиісті бұйрық шығару кеңінен қолданылады. Есеп кезеңінде артық жұмыс істеудің алдын алу бойынша 28 профилактикалық іс-шара өткізілді.

Әдеп жөніндегі уәкілдің маңызды міндеттерінің бірі – жергілікті атқару мекемелерінде моральдық-психологиялық ахуалды бақылау. 2023 жылдың мамыр айында “Google” интернет платформасында “Gmail” бағдарламасы арқылы облыс әкімдігінің барлық 20 басқармасында және облыс әкімі аппаратында моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін анықтау бойынша анонимді сауалнама жүргізілді, оған 487 мемлекеттік қызметші қатысты.

Сонымен қатар ай сайын әлеуметтік желілерге, мемлекеттік қызметшілерінің аккаунттарына мемлекеттік қызметке кір келтіретін фотосуреттердің, посттардың және басқа да ақпараттың болуына мониторинг жүргізіледі. Мүдделер қақтығысы жоқ. Жақын туыстардың бiрге қызмет iстеу, мемлекеттік қызметшілердің өзге де ақы төленетін қызметпен айналысу фактілері анықталған жоқ.

Облыс әкімдігінің ұжымдарында моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту бойынша ұсыныммен шектелмей, ұжымдармен түсіндіру кездесулері өткізілді. Онда ұжымдардағы қалыптасқан жағдай егжей-тегжейлі талқыланды. Облыс әкімі аппаратында және басқармаларында моральдық-психологиялық жағдайды анықтауға бағытталған сауалнама нәтижелері барлық мемлекеттік органдардың назарына жеткізілді, олар ұжымдармен кездесулер өткізу кезінде айтылады.

Мемлекеттік қызметшілердің қызмет әдебін және жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту ісінде азаматтық қоғаммен және жұртшылықпен өзара іс-қимыл бойынша жұмыстар одан әрі жалғасатын болады.

Сейілхан СЕРІКБАЕВ,

облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp