Парламент Мәжілісінің депутаты Динара Наумова өңірімізде жұмыс сапарымен болып, бірқатар кездесулер өткізді.
Халық қалаулысы алдымен облыстық онкологиялық диспансерге барды. Ювеналды полиция бөлімінде жоғары деңгейде қарауды талап ететін кейбір құқықтық мәселелер талқыланды.
Сапар барысында “Арман” орталығына соғып, тірек-қимыл қозғалысы зақымданған балалармен жолықты. Проблемаларымен танысып, орталық жұмысының тиімділігін арттыру мүмкіндіктерін талқылады.
С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада мүмкіндігі шектеулі жандармен жүздесу еркін сұхбат түрінде өтті.
Қайрат САДЫҚОВ,
облыстық мәслихаттың баспасөз хатшысы.