«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 01.08.2023

Танымдық сапар

Қызылжарлық жастарды өңірдің тарихи орындарымен таныстыру ісі биыл да жалғасын тауып, алыс-жақын елді мекендерге саяхаттар ұйымдастырылуда. Аталған игі бастамадан жергілікті “Ассамблея жастары” ұйымының белсенділері де шет қалмай, жаңа жобаны қолға алған. “Мекенім – Қазақстан” жобасының аясында облыс орталығындағы еріктілер мен белсенділердің басын қосып, аудандарға танымдық сапарлар ұйымдастыру жоспарланған. Таңдап алған алғашқы бағыты – Айыртау ауданы. Арқадағы асыл …

Танымдық сапар Read More »

КӘСІПТІ ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ

Қазір көпшілік кәсібін әлеуметтік желі арқылы жарнамалайды. Сондықтан SMM маманы еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие. Елімізде SMM мамандарын даярлайтын арнайы оқу орындары жоқ. Яғни әлеуметтік желімен жұмыс істеу тәжірибесі бар, мақала жазып, пікірлерге жауап беріп отыратын кез келген адам маман бола алады деген сөз. Десек те бұл жеткіліксіз. Қаламызда “SMM – кәсіпті дамытудың тиімді құралы” …

КӘСІПТІ ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ Read More »

ДЕБАТ АКАДЕМИЯСЫ

“Қазақстанның болашағы үшін” ұйымының мұрындық болуымен өңірде басталған жазғы дебат академиясы өз жұмысын қорытындылады. Оның аясында іріктеліп алынған 45 қатысушы 3 күн бойы шешендік өнерлерін шыңдады. Жалпы академияға қатысуға 70-тен астам адамнан өтініш түскен. Облыс орталығындағы колледждер мен аудандардағы білім ордаларынан білікті жастар таңдалып, оқытуға жолдама алған. Оларға осы салада жетістікке жеткен Темірлан Мейрам, Ролан …

ДЕБАТ АКАДЕМИЯСЫ Read More »

ИСПАНИЯДА ТОП ЖАРДЫ

Қазақстандық “Astana Qazaqstan Team” командасының велошабандозы, жерлесіміз Алексей Луценко Испанияда өткен додада кезекті жеңісіне жетті. Ол “Circuito de Getxo” жарысына қатысып, Бильбао мен Гечо елді мекендерінің арасындағы 193,3 километр қашықтықта алдына қара салмай, мәре сызығын 4 сағат 19 минутта кесіп өткен. Аталған додада екінші орынды қазақстандық спортшыдан 24 секундтан кейін жеткен франциялық Тони Галлопин иеленсе, …

ИСПАНИЯДА ТОП ЖАРДЫ Read More »

ШАЛАҚЫНДЫҚТАР ШАҢ ҚАПТЫРДЫ

Өңірімізде ұлттық спорт түрлерінен “Қызылжар – 2023” облыстық фестивалі аяқталды. Үш күнге созылған додада он үш ауданның кіл мықтылары спорттың 12 түрі бойынша сайысты. Осы үш күнде үздік деп танылған спортшылар республикалық додаға қатысатын өңір құрамасының сапына енеді. Жыл сайын өткізілетін спартакиадаға шалақындықтар тиянақты дайындалғанға ұқсайды. Дода қорытындысы бойынша Шал ақын ауданының командасы ұлттық спорт …

ШАЛАҚЫНДЫҚТАР ШАҢ ҚАПТЫРДЫ Read More »

СОҢҒЫ МИНУТТАҒЫ ГОЛ

Футболдан Қазақстан чемпионатының 17-ші туры аясында жергілікті “Қызылжар” мен елордалық “Астана” арасында ойын өтті. Кездесу  “Қызылжардың” жеңісімен аяқталды. Ойындағы жалғыз голды солтүстікқазақстандық Рафаиль Оспанов 89- шы минутта соқты. Турнирлік кестеде 39 ұпайы бар “Астана” екінші орында, 28 ұпайы бар “Қызылжар” бесінші орында тұр. Ал көш басында – шымкенттік “Ордабасы” командасы. Диас АЯҒАН, “Soltüstık Qazaqstan”.

Аға буын алданбасын деп

Үздіксіз жүргізіліп келе жатқан профилактикалық жұмыстарға қарамастан интернет алаяқтардың аяғына тұсау салынбай тұр. Әсіресе қарт адамдардың алдану фактілері жиілеп кетті. Әдетте телефноның арғы жағындағылар оларға туыстарының жол-көлік апатына кінәлі екендігі туралы айтып, ақша талап етеді. Ал қаржы қолына тигеннен кейін ізім-ғайым жоқ болады. Зейнеткерлердің бәрі ғаламторды пайдаланбайтындықтан алаяқтар жөніндегі ақпараттан бейхабар. Сондықтан да облыстық полиция …

Аға буын алданбасын деп Read More »

Салық жүйесі жетілдірілді

Әділ, тұрақты әрі ашық салық жүйесін қалыптастырудың маңызы зор. Өйткені уақыт талабына жауап беретін оның жаңа моделі ұлттық байлықты тиімді бөлуге, экономикалық белсенділіктің жоғары деңгейі мен басым бағыттарын нақты қолдануға қызмет ете отырып,  орта және шағын бизнес субьектілерінің жұмысын жеңілдетуге, бюджет кірісін жүйелі түрде ұлғайтуға зор септігін тигізеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған “Әділетті мемлекет. …

Салық жүйесі жетілдірілді Read More »

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰЖАТ — УАҚЫТҚА ҮНЕМ

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі департаменттің басшылығы баспасөз мәслихатын өткізіп, жартыжылдық жұмыстарын қорытындылады. Ведомство бастығы Шоқан Құлданов мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметі туралы барлық деректер топтастырылғанын айта келіп, облыс аумағында қылмыстың 20,1, оның ішінде қасақана кісі өлтіру – 46,2, тонау – 21,7, ұрлық – 24,8, алаяқтық 13,1, көшелер …

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰЖАТ — УАҚЫТҚА ҮНЕМ Read More »

ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДАҒЫ ТҮЙТКІЛДЕР

Облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында Шалқар-Имантау, басқа да курорттық аймақтар бойынша туристік әлеуетті арттыруға бағытталған шараларды күшейту және тұтынушылардың құқықтарын қорғау сияқты әлеуметтік маңызы бар мәселелер  талқыланды. Бірінші мәселе бойынша кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы туризмді дамыту және лицензиялау бөлімінің жетекшісі Қанат Шамсутдиновтың есебі тыңдалды. Оның айтуынша, осы жылдың бірінші тоқсанында табиғи, тарихи, археологиялық ерекшеліктерімен …

ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДАҒЫ ТҮЙТКІЛДЕР Read More »

ШЕБЕР ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

Петропавл қаласындағы “ЭкоСолтүстікАгро” жеке кәсіпкерлігі – 2017 жылдан бері K-700, K-701, K-702 тракторларын, қосалқы бөлшектерін жөндеумен айналысатын кәсіпорын. Зауыттың директоры Андрей Вараск бес жылдың ішінде білікті де шебер мамандарды жинап алғанын мақтан етеді. Мақтанатын жөні бар, оның зауытында “Кировецтердің” қыр-сырын білетін қолы алтын шеберлер жұмыс істейді. Сол білікті мамандардың қатарында дәнекерлеуші Самат Ақылбеков те бар. …

ШЕБЕР ДӘНЕКЕРЛЕУШІ Read More »