«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Аға буын алданбасын деп

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Үздіксіз жүргізіліп келе жатқан профилактикалық жұмыстарға қарамастан интернет алаяқтардың аяғына тұсау салынбай тұр. Әсіресе қарт адамдардың алдану фактілері жиілеп кетті. Әдетте телефноның арғы жағындағылар оларға туыстарының жол-көлік апатына кінәлі екендігі туралы айтып, ақша талап етеді. Ал қаржы қолына тигеннен кейін ізім-ғайым жоқ болады.

Зейнеткерлердің бәрі ғаламторды пайдаланбайтындықтан алаяқтар жөніндегі ақпараттан бейхабар. Сондықтан да облыстық полиция департаментінің мамандары ХҚКО және зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың Петропавлдағы филиалдарында аға буын өкілдеріне кезекті түсіндіру акцияларын өткізуде. Онда келушілерге жадынамалар таратылып, алаяқтардан қалай қорғану керектігі түсіндіріледі. Негізгі кеңес – кез келген ақпаратты ресми арналар арқылы тексеру. Егер алаяқтар өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырса, полицияға қоңырау шалып, мұндай қызметкерлердің жұмыс істейтінін, шынымен де жол-көлік оқиғасы орын алғандығын тексеру керек. Полицейлер бұл бағыттағы түсіндіру жұмыстарын одан әрі жалғастыра бермек.

Облыста 6 ай ішінде 342 интернет-алаяқтық фактісі тіркелген. Шілде айында облыста тағы 40-тан астам осындай қылмыс орын алды. Ең жиі кездесетін схемалар – “банктен қоңырау шалу” және интернет арқылы сатып алу кезінде алдын-ала төлемді талап ету.

Игорь МЕРЦАЛОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің жетекші маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp