«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алаяқтар жазасын алды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір полицейлері интернет алаяқтықтың шамамен 14 пайызға азайғанын айтты. Десек те биыл қылмыстың осы түріне қатысты 32 адам жауапкершілікке тартылған.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, өңірде 5 жыл бұрын 61 факті тіркелсе, былтыр интернет алаяқ­тық­тың 781 дерегі анықтал­ды. Биыл 400 факті есепке алынды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен са­лыс­тырғанда 13,8 пайызға тө­мен.

– Алаяқтардан көбіне облыс ор­талығының тұрғындары зардап ше­геді, биыл 312 факті тіркелді. Талдау көрсеткендей, 40 пен 60 жас аралы­ғындағы адамдар олардың тұзағына түседі. Көбіне банктің қыз­меткеріміз деп алдай­ды. Алаяқтық­тан зардап шеккендердің негізгі үле­сі тұрақты жұмыс істейтін адам­дар. Ал қылмыс­керлер – IT саласында дағ­дылары бар 20-35 жастағылар, – дейді облыстық по­лиция департаменті крими­налдық полиция бас­қармасы бастығының орынбасары Мадияр Харипов.

Қылмыстың бұл түріне 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ауыр санаттағы құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейін жаза қарастырылған.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp