«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Әлемнің ғажабы – сәбидің іңгәсі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық перинаталдық орталықта жарты жыл ішінде 2 жарым мыңнан астам сәби дү­ниеге келді. Дүние есігін ашқан шақалақтардың басым бөлігі ұл­дар екен. Нәрестелердің 39-ы – егіздер. Жүкті келіншек­тер­дің 25 пайы­зы кесір тілігі арқылы бо­санған. Қазіргі уа­қытта пер­зент­ханада үшемге аяғы ауыр әйел ем қабылдап жа­тыр.

Облыстық перинаталдық орталықтың акушер-гинекологы Гүлба­қыт Мырзабекованың сөзінше,  мұнда тәулігіне 15-20 бала дүниеге ке­леді екен.

– Күн сайын бізге 30-дан астам әйел түседі. Олардың көбі өздігінен бо­санады. Жыл басынан бері ана мен бала өлімі тіркелген жоқ. Бұл ор­талықтың білікті мамандармен және заманауи қондырғылармен қамта­масыз етілгенінің арқасы. Мысалы бізде ерте босану кезінде сәбиді аман алып қалуға мүмкіндік беретін “Кувез” аппаратының 2 да­насы бар, – дейді Гүлбақыт Мырза­бе­кова.

Жарты жылда орталық маман­дары жансақтау бөліміне түскен 100-ге жуық нәрестені аман алып қалған. Бүгінде мамандар 5 балаға қажетті көмек көрсетуде. Мекемеде елең ет­кізер ерекше жағдайлар да орын алып тұрады. Мәселен, жуырда сал­мағы 5 келі болатын алып сәбилер дүниеге келген.

Барлығы 200-ге жуық дәрігер еңбек ететін орталықта кадр тапшы­лығы жоқ. Қыркүйек айында төрт жас маманды жұмысқа қабылдайды.

Гүлден СИМБАЕВА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp