«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“AMANAT”-тың қолдауы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“AMANAT” партиясының облыстық филиалының қоғамдық қабылдауына жыл басынан бері 1452 өтініш келіп түсті. Партиялықтар өтініштің жартысына жуығының оң шешілуіне қолдау көрсетті.

Мәселелерді шешу үшін партия филиалы депутаттарға, кәсіпкерлер мен ауыл әкімдерінің көмегіне жүгінеді. Мысалы, Петропавлдың бір мектебіне “AMANAT” партиясының  атынан сайланған депутат өз қаражатына жылы есік орнатып берді. Енді есіктен жел өтпейді, балаларға қолайлы температура сақталып тұрады. Партиялықтар Имантау ауылының тұрғынына қаз сатып алу үшін “Еңбек” бағдарламасы бойынша 1 млн. 380 мың теңге көлемінде грант алуға көмектесті.

Солтүстікқазақстандықтардың көпшілігін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері алаңдатады. Тұрғындар абаттандыру және инфрақұрылымды жақсарту мәселесіне қатысты 555 өтініш жазған. Аманаттықтар бұл салаға да мүмкіндігінше араласуда. Мысалы, Тайынша ауданында Северное ауылының тұрғындары жол жөндеуді сұраған болатын. Жергілікті кәсіпорын қолдау көрсетіп, жолға қиыршық тас төседі. Әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша түскен 214 өтініштің 141-і кәсіпкерлік, 95-ы жұмысқа орналастыру және еңбек дауларына қатысты болды.

– Соңғы уақытта халықты құжаттандыру және тіркеу мәселелері жиі толғандырады. Сондай 86 өтініш түсті. Тұрғындар денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй және жер учаскелерін бөлу мәселелерін шешуді де сұрайды, – деді “AMANAT” партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Гүлфира Рамазанова.

Ілияс СӘБДИНОВ,

“AMANAT” партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp