«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Саяжайдағы тексеріс

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тәртіп сақшылары мен төтен­ше жағдайлар басқармасының қызметкерлері қала маңындағы саяжайларды тексеріп, жағдайды бағамдады. Бүгінгі таңда Петро­павл қаласының маңайында 15 саяжай қоғамдастығы бар.

№2 мамандандырылған өрт сөн­діру бөлімінің азаматтық қорғау аға сержанты Есболат Смағұ­лов­тың айтуынша, тұрғындар саяжай­ларын қараусыз қалдырады. Жол­да­ры тар, бейберекет өскен ағаштар, шөп басқан аулалар көп. Қала маңындағы барлық саяжайдың тұрқы осындай. Ал бұл төтенше жағдай­лар қызметкерлерінің көлігінің өтуіне кедергі келтіреді. Яғни қызыл жалынды уақтылы ауыздық­тауға мүмкіндік бермейді.

– Біз шақыртуға бірден шыға­мыз. Бірақ саяжайларда жол тар, кейбір адамдар саяжай аумағын қоршап тастаған. Оқиға ор­нына әупірімдеп жеткенімізде тұр­ғын­дардың наразылығына тап бола­мыз. Жыл басынан бері қала ма­ңын­дағы саяжайларда 58 өрт бол­ды, – дейді қалалық ТЖБ инженері Бекзат Сердалинов.

Мамандар “Ракета” саяжай қо­ғамдастығының тұрғындарымен әңгімелесіп, сенбілік өткізуге кеңес берді.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp