«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ит-мысыққа чип салынуда

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста иттер мен мысықтарды таңбалау жұмыстары жалғасуда. Сәуір айынан бері аймақта 1550 үй жануарына чип салынды.

Жалпы өңірде қаңғыбас иттерді таңбалауға, екпе салдыртуға және зарарсыздандыруға облыс бюджеті­нен 53,4 млн. теңге бөлінді. Бүгінде аталмыш жұмыспен “Шевелева” жеке кәсіпкерлігі айналысып жатыр.

– Сәуірдің 10-нан бастап, иесіз жүрген 135 жануарға таңба қойы­лып, зарарсыздандырылды. Тиісті санитарлық шаралар қолданыл­ғаннан кейін 108-і қайта мекен еткен ортасына жіберілді, екеуі жеке тә­лімбақтарға берілді. Арнайы чиптерді сатып алуға 2,7 млн. теңге қарастырылған. Үй жануарларын таңбалау әлеуметтік әлжуаз топтар сана­тындағыларға тегін, – дейді облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы Наталья Тараканова.

Бүгіндері таңбаланған 1550 ит-мысық “Tanba” ақпараттық базасына енгізілді. 1385-нің иесі бар, ал қалғандары – қаңғыбас ит-мысықтар. Облыстық ветеринария мамандарының сөзінше, жануарларға чип қою, зарарсыздандыру және екпе салу үшін тұрғындар өңірдегі 14 ве­теринарлық станция мен қаладағы жеке клиникаларға жүгіне алады.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp