«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тіркелмеген қару

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс полицейлері адамдарды қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартпай, тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсыруға шақырады.

Мамлют ауданындағы елді ме­кен­дердің аулаларын аралау кезін­де 38 жастағы азаматтан 16 калибрлі “ТОЗ” аңшылық мылтығы табылды. Ол оны көктемде дала жұмыстары кезінде тауып алғанын айтқан. Ал Жамбыл ауданында полиция 32 жас­тағы малшыдан 16 калибрлі “ИЖ” мылтығын тапты. Заңсыз қаруды сақтау фактісі учаскелік инспектор­лар мен табиғат қорғау полициясы қызметкерлерінің мал ұрлығының, экологиялық және басқа да қылмыс­тардың алдын алу бойынша жоспарлы шаралары кезінде анықталған. Енді олар заң алдында жауап береді.

 Жыл басынан бері облыста 64 қару-жарақ тәркіленді. 23 адам заңсыз сақталған қаруды өз ер­кімен тапсырды. Тиісті тексерулерден кейін олар толығымен жауапкершіліктен босатылды.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp