«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ұлтараздық тудырған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қалалық соты ұлт­ара­лық алауыздықты қоздыру, аза­маттардың ұлттық ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн қорлау, сондай-ақ Қа­зақстан Республикасының тұтасты­ғын бұзуға жария түрде шақыру бабы бойынша Л.-ға қатысты істі қарады.

Ер адам 2014 жылдан 2022 жыл­ға дейінгі кезеңде ұялы телефон арқылы “Facebook” әлеуметтік желісін­де алауыздықты қоздыруға бағытталған жазбаларға репосттар жа­сап, пікірлер жариялап отырған. Сон­д­ай-ақ ел тұтастығын бұзуға шақыр­ған жазбалар жазған, осылайша желі қолданушылары арасында те­ріс пікір тудырған. Кейін оның ауыратындығы, бұл жазбаларды жазған уақытта есi дұрыс болмағандығы анықталған.

Прокурор Л.-ды Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігі, 180-бабының 2-бөлігінде көрсетілгендей – қоғам­дық қауіпті әрекеттерді есі дұрыс емес күйде жасағаны үшін қылмыс­тық жауаптылықтан босатып, жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түріндегі шара қолдануды сұрады.

Денсаулығына байланысты Л. сот отырысына қатысқан жоқ. Сот заңмен тыйым салынған әрекет­терді есі дұрыс емес күйде жасағаны дәлелденді деп танып, жалпы үлгі­дегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түріндегі медици­налық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолданды. Яғни қылмыстық жауаптылықтан босатты.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp