«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Зылиханың табағы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Музейіміздің қорында Мағжан Жұмабаевтың зайыбы Зылиха­ның табағы бар. Фарфор ыдыс ХІХ ғасырда Қытайда жасалған. Ыдыс дөңгелек пішінді, глазурмен безен­ді­рілген, түрлі-түсті гүлді ою-өрнек салынған. Табақты музейге Мағ­жанның немере інісі Тасболат Бе­кенов тапсырған.

Зылиханың табағын айтып отыр­ған соң өмірінен ақпарат бере кеткенді жөн болар. Зы­лиха Жұмабаева 1894 жылы Қызылжар қаласында дү­ниеге келген. Әкесі – Құрманбай, анасы – Жәмилә. Әкесі ерте дүние салады. Шешесі Зылиханы 1913 жылы өзі сүймеген, сырласпа­ған Хасан Мұхамедияров деген сау­дагер башқұрт жігітіне ұзатып жібе­реді. 1919 жылы Хасан сүзек ау­руынан Ақмолада қайтыс болады. 1920 жылы қазан айында Зылиха күйеуінің жылын өткізіп, Қызыл­жарға қайтып ке­леді. Мағжан мен Зылиханың Қы­зылжарда неке қиюға мүмкіндіктері болмайды. Екі жақтың ата-анасы олардың қосылуына қарсы бола­ды. Себебі Зылиханың әкесі Құр­манбай мен Мағжанның шешесі Гүлсімнің әкесі Әшірбек бір туған, яғни, Мағжан жиен де, Зылиха на­ғашы.

Мағжанға 1929 жылы жазық­сыз жала жабылып, түрмеге қама­ла­ды, содан жер аудары­лады. Зылиха ара­ша түсуін сұрап, М.Горькийге хат жазады. М.Горькийдің және оның әйелі Е.Пеш­кованың араласуымен 1936 жылы айдаудан босап шыққанымен, қайта ушыққан репрессия тыр­на­ғына ілініп, жазықсыздан-жазықсыз 1938 жылы 19 наурызда атылып кетеді. Мағжан Жұмабаев­тың жары Зылиха Құрманбайқызы түрмеге қамалған күйеуінің жоқтаушысы, жанашыры бола білді, кейін әдеби мұрасының шырақшысына айнал­ды. Мағжанның әр кездегі баспа­сөз бетін көрген әдеби мұрасын іздестіруді, жинастыруды қолға алып, Алматы, Ташкент, Қызылор­да, Орынбор, Мәскеу, Ленинград, Омбы, Петропавл қалаларындағы мұрағаттарды ақтарады, көз майын тауысып, біраз дүние жинайды.

Ол өзінің бүкіл ғұмырын Мағжан­ның адал атын халқына қайтаруға арнады. Зорлық-зомбылықты, азапты сүйгенімен бірге шеккен Зылиха Құрманбайқызы 97 жасында дүние салды.

 Самрат ҚҰСКЕНОВ,

облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp