«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОЛДАУ ТАПҚАН ҰСЫНЫСТАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Ауыл” халықтық демократиялық патриоттар партиясы “Қазақстан Республикасындағы жеке және мемлекеттік меншіктің тоқтап тұрған нысандарын шаруашылық айналымына енгізу бойынша ұсыныстар” тақырыбында онлайн-семинар өткізді.

Жиынға барлық облыс әкімдерінің орынбасарлары, қаржы басқармаларының, әлеуметтік-кәсіпкерлік қорпорациялардың басшылары мен “Ауыл” ХДППнан сайланған облыстық, аудандық мәслихаттардың депутаттары, жергілікті партия ұйымдарының төрағалары, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Ауылдықтар сайлауалды бағдарламасы аясында қаладағы бизнесті елді мекендерге көшіру, аймақтардағы кәсіпкерлікті инвестициялауға қала тұрғындарын тарту бастамасын көтерген болатын.

Осы бағдарлама аясында “Ауыл” ХДПП төрағасы, Парламент Сенатының депутаты Әли Бектаевтың жетекшілігімен республикалық саяси ұйымның саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасында жеке және мемлекеттік меншіктің тоқтап тұрған объектілерін шаруашылық айналымына енгізу мәселесі қаралды. Талқылауға партияның жергілікті филиалының жетекшісі Бейбіт Сыздықов қатысты.

“Жергілікті бастауыш партия ұйымдарына үш мыңға жуық адам мүше. Олардың мақсат-мүддесі ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға жұмылдырылған. Жоба негізінде облыс, аудан деңгейінде құзырлы мекеме өкілдерінен жұмыс топтары құрылып, елді мекендерде қараусыз тұрған нысандар анықталады. Мектеп, аурухана, Мәдениет үйі секілді әлеуметтік нысандардың жай-күйі сараланады. Инфрақұрылымдық объектілер болған жағдайда (халыққа қызмет көрсету орталықтары, пошта кеңселері, учаскелік пункттер және т. б.) мемлекеттік меншік түрі бағамдалады”, – дейді Бейбіт Айбасұлы.

Келесі кезеңде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жарғылық капиталына мемлекеттік меншік объектілерін беру мүмкіндігі қарастырылады. Аталған жоба негізінде, ӘКК арқылы жергілікті кәсіпкерлерге нысандарды тиімді шарттар негізінде бере отырып, шағын және орта бизнесті дамыту көзделген. Сондай-ақ инвестиция тарту жолдары да белгіленген. Басты ұстаным – ауылда жұмыс орындарын сақтау арқылы елдегі ішкі миграцияны тежеу, елді мекендердің қараусыз қалуына жол бермеу.

Биыл еліміздің ауылдарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді. Оның алдында “Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері” ұлттық жобасы қабылданған болатын.

“Ауыл” партиясының елді мекендердегі жеке және мемлекеттік меншіктің тоқтап тұрған нысандарын қайта іске қосу жөніндегі ұсыныстары өңірлерді дамытудың басты бағдарына айналмақ.  

Әлфараби МЫҢБАЙ,

“Ауыл” ХДПП облыстық филиалының үйлестірушісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp