«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ұлттық рухтың жаршысы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Шал ақын аудандық тарихи-өлкетану музейінде Алаштың ардақты перзенті, ақын Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған “Ұлтын сүйген ұлы жүрек – Мағжан” атты жылжымалы көрме ашылды. Ақын дүниеге келген Мағжан Жұмабаев ауданында тұсауы кесілген көрмені енді шалақындықтар тамашалай алады.

Биыл туғанына 130 жыл болған Мағжан Жұмабаев – қазақтың ғана емес, тұтас түркі жұртының мақтаны­шы. Ақынның Отанға деген шексіз сүйіспеншілікке толы жырлары хал­қы­мыздың жүрегіне жол тауып, руха­ния­тымыздың алтын қорына енді. Те­рең сырға, ұшқыр қиялға толы өле­ңі­мен азаттықты ұрпаққа аманат етіп қалдырған ақынның ғұмырдариясын жұртшылыққа таныстыруды көзде­ген көрменің ашылуын Шал ақын ау­данының тұрғындары салтанатты шараға айналдырды. Көрме аудан­дық Мәдениет үйінің домбыра ор­кестрінің жетекшісі Асан Әбдірах­ма­новтың орындауындағы күймен ашы­лып, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұрар Оразалин бастаған азаматтар ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мазмұнды әңгіме өрбітті. Аудандық білім бө­лі­мінің әдіскері Айым Сәрсекеева Мағ­жан Жұмабаевтың мерейтойы ая­сында өткізілген іс-шаралармен Мағ­жан оқуына қатысқан оқушылардың жеткен жетістіктерін айтып өтті. Оның сөзінше, биыл аудан оқушы­лары Мағжан оқуларынан облыстық деңгейде 1 орынға, республикалық онлайн сайыста 3 орынға ие болған. Шара барысында жас ақын Дильназ Құсайынова мерейтой иесіне арна­ған өлеңін, облыстық, республика­лық байқауларда топ жарып жүрген Әдемау Есқақ ақынның өлеңдерін нақышына келтіріп оқып берді. Іс-шараның соңы экскурсиямен түйін­делді.

Маржан ТАУШАРОВА,

Шал ақын аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp