«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ыңғайлы сервис

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекеттік корпорация сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша жұ­мыс­тарды жалғастыруда. Қанатқақты жоба негізінде азаматтарға ыңғайлы болу үшін электрондық үкімет порталы арқылы артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және мін­детті зейнетақы жарналарының қате есептелген сомаларын қайтару бойынша сервис іске қосылды.

Жаңа жоба қызмет алушылар үшін қате аударылған қаражатты қайтару жолын жеңілдетіп қана қой­май, мемлекеттік корпорация қыз­меткерлеріне жүктемені айтарлықтай азайтады. Өтінім беру үшін жұ­мыс берушіге электрондық үкімет порталындағы деректерді толтыру қажет. Сондай-ақ төлеушінің де­рек­­темелерін және оның төлем тапсырмасының деректерін көрсе­ту қажет. Айта кетейік, қате ауда­рылған әлеу­меттік және зейнетақы аударымда­рын қайтару, жүктілік және 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша бері­летін әлеуметтік төлемдердің дұрыс есептелуі мен тағайындалуы үшін қажет.

– Бұған дейін жұмыс берушілер мемлекеттік корпорацияға келіп, ақшалай қаражатты қайтару тура­лы өтінішті қағаз күйінде тапсы­ратын. Одан бөлек өтініштер пошта қызметі арқылы жіберіліп, оларды жеткізу ұзақ уақытты талап ететін. Біз аза­маттарға қолайлы болуы үшін “eGov.kz” порталында осы сер­висті іске қостық. Енді жұмыс бе­рушілер мен төлеушілер өтінішті онлайн жіберіп, уақыттарын едәуір үнемдей алады. Сондай-ақ жаңа сервистің арқасында қызмет көрсе­ту мерзімі 15 күннен 12 жұмыс күніне дейін қыс­қартылды, – дейді мемлекеттік кор­порацияның бас­қарма төрағасының орынбасары Асхат Ибраев.

Бұл сервис Еңбек және ха­лықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Цифрлық даму, иннова­циялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі арасында бірлесіп жасалған келісім нәтижесінде іске асырылды. Бұған дейін екінші деңгейдегі банктердің мо­бильді қосымшалары арқылы әлеуметтік төлемдер тура­лы ақпарат алу бойынша сервисті іске қосылған болатын.

Анар ҚҰСАНОВА,

“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp