«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қисайған мұржа

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл №2 жылу электр орталығында салынып жатқан түтін мұржасы өсінен бір жағына қисайды. “Севказэнерго” акционерлік қоғамының баспасөз қызметі құрылыстың уақытша тоқтатылғанын хабарлады.

– 8 тамызда “Севказэнерго” АҚ-ның жаңа түтін мұржасын салу барысында орындалатын құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын қадағалайтын жауапты қызметкерлері мұржа өсінің жобалық ережеден ауытқығанын анықтады. Мердігер ұйым – “Қазтеплоспецстрой” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Мұржаны салу жұмыстары дереу тоқтатылды. Нысанды тексеру кезінде құбыр оқпанының құрылысы жүргізіліп жатқан конустық жылжымалы қалыпта өсінен қисаюға әсер еткен ақау табылғаны анықталды, – деп хабарлады “Севказэнерго” АҚ-ның баспасөз қызметі.

Құбырдың қанша метрін бөлшектеуге тура келетіні жобалық ұйым жүргізетін есептеуден кейін белгілі болады. Сонымен қатар қалыпты бөлшектеу жұмыстары жүргізіледі. Биіктік белгісін анықтағаннан кейін бөлшектеу жұмыстары орындалады. Бұдан әрі барлық қауіпсіздік нормалары мен талаптарын сақтай отырып, жаңа қалып салынады. Құбыр құрылысы бойынша жұмыстар қысқа мерзімде қайта басталмақ.

Салынып жатқан жаңа мұржаның биіктігі 180 метр болуы тиіс. Оның 30 метрі орнатылған. Құрылыс жұмыстары жылдың соңында аяқталып, келесі жылы іске қосылады деп жоспарланған.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp