«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тарифті инвестицияға айырбастау

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мүлік иелері есебінен салаға инвестициялар тартуды, компаниялар қызметкерлерінің жалақысын арттыруды көздейтін “Тарифті инвестицияларға айырбастау” жаңартылған бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл шаралар желілердің тозуын кем дегенде 15 пайызға азайтуға, шығындарды кемітуге және реттелетін қызметтердің сапасын жақсарту мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Петропавл қаласында “Севказэнерго” АҚ (жылу энергиясын өндіру), “Петропавл жылу желілері” ЖШС (жылу энергиясын беру), “Солтүстік Қазақстан электр желісін тарату компаниясы” АҚ (электр энергиясын беру), “Севказэнергосбыт” ЖШС (жылу энергиясымен жабдықтау) сияқты жеке компаниялар және “Қызылжар су” ЖШС мемлекеттік кәсіпорыны (сумен жабдықтау және су бұру) коммуналдық қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілері болып (бұдан әрі-ТМС)  табылады.

2022 жылдың қорытындысы бойынша Петропавл қаласында коммуналдық желілердің тозу деңгейі 74.6, сумен жабдықтау 58, су бұру 61.7, электр желілері 95 пайызды құрады.

Үстіміздегі жылдың екінші тоқсанында “Тарифті инвестицияға айырбастау” бағдарламасын іске асыру шеңберінде департамент биылғы 1 шілдеден бастап тарифтер мен инвестициялық бағдарламаларды өзгертуге қатысты 7 өтінімді қарады және бекітті.

Нәтижесінде коммуналдық қызметтер тарифтерінің өзгеруі тұтынушылар мен кәсіпорындардың мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз етуді ескере отырып, орта есеппен 3-тен 10 пайызға дейін азайды. Бұл ретте өндірістік персоналдың орташа жалақысы өңірдің экономикалық қызметінің түрлері бойынша орташа айлық атаулы жалақы деңгейіне, мәселен, жылу және электр энергетикасы саласында айына 181 968 теңгеге дейін, сумен жабдықтау саласында 196 146 теңгеге дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ 2023 жылға инженерлік желілер мен жабдықтарды жаңғыртуға инвестициялық бағдарламаларды түзету есебінен 1128,6 млн.тенге қосымша қаражат болу көзделді.

Осылайша, үстіміздегі жылы қосымша қаражатты ескере отырып бекітілген тарифтер шеңберінде коммуналдық қызметтің инженерлік желілері мен жабдықтарын жаңғырту үшін инвестициялардың жалпы сомасы 5383,5 млн. теңгені құрайды, олар: “СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ – ның №2 қазандық агрегатын қайта құруға, №11  қазандық агрегатын күрделі жөндеуге, №1 турбо-агрегатты қайта құруға, Б№3 бойлерді ауыстыруға;

“Петропавл жылу желілері” ЖШС-ның ұзындығы 1,021 километр болатын Қ.Сәтбаев көшесіндегі жылу магистралін қайта жаңартуға және №1 сорғы станциясын күрделі жөндеуге;

“Солтүстік Қазақстан электр желісін тарату компаниясы” АҚ-ның 20 километр болатын әуе желілерін қайта құруға, 35 шақырымдық ӘЖ110 әуе желілерін шығаруға, облыстың 12 ОРУ -35 кВ қосалқы станцияларында қайта құру жүргізуге;

“Қызылжар су” ЖШС-ның 3 километрден астам су құбыры және 2 шақырым кәріз желілерін күрделі жөндеуге;

“Есіл су” филиалының су құбыры желісінің апатты учаскесін ауыстыруға, суды тазарту станциясындағы сүзгілерді күрделі жөндеуге және энергетикалық жабдықты жаңғыртуға;

“Қазсушар” СҚФ –ы “Петропавл су торабы объектілерін диспетчерлік басқарудың автоматтандырылған жүйесі” үшін жабдықтар сатып алуға бағытталатын болады.

Жүргізіліп жатқан тарифтік реформа тариф белгілеудің бүкіл процесінің ашықтығы, есептілігі және жариялылығы қағидаттарына негізделетінін атап өту қажет. Осылайша инвестициялық бағдарламалар мен тарифтерді түзету бойынша департамент қабылдаған шешімдер тарифтік саясат жөніндегі кеңестің өңірлік комиссиясының отырыстарында және жария тыңдауларда талқылаудан өтті. Өтінім материалдары “Монополист” жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйесінде орналасқан, онымен әрбір азамат таныса алады.

Тұтынушылардың қаражатын мақсатты пайдалануды бақылау жұртшылық пен техникалық сарапшыларды тарта отырып қамтамасыз етіледі. Тұтынушылардың құқықтары бұзылған жағдайда уақытша өтемдік тарифтер енгізіледі, ал табиғи монополиялар субъектілері әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұдан басқа, мемлекеттік қолдау шаралары көзделген. Халықтың осал топтары коммуналдық төлемдер үшін шығындардың бір бөлігіне өтемақы беру есебінен әкімдіктердің коммуналдық қызметтерді төлеу жөніндегі көмегіне жүгіне алады.

Вячеслав ЛУКИНЫХ,

Табиғи монополияларды реттеу комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp