«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Табиғат жанашырлары

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірде өткен аптада басталып, төрт күнге созылған “Climate week” фестивалі өз мәресіне жетті. Гер­ма­­ния, Өзбекстан, Ресей мен өз елі­міз­дің 14 университетінен жиналған өрен­дер жаһан жұртын алаңдатып отырған экология мәселесін шешу жолдарын талқылап, Қызыл­жардың тамаша табиғатынан ерек­ше әсер алып қайтты.

Ашылу салтанаты М.Қозыбаев атын­дағы Солтүстік Қазақстан универ­си­тетінде ұйымдастырылып, қалған үш күнді жастар Айыртау ауданында өткізді. Олар Иман­тау жерінде демалып, өз ізденістерін одан әрі жалғастырды.

Айыртау ауданындағы көрікті де­ма­лыс орнына келген ізденімпаз сту­денттер бірнеше күн бойы Иман­­тау-Шалқар даласын аралап, тау-тас, өзен-көлдерді зерттеп, қа­зіргі климат­тың өзгеруінің осындай сұлу мекенге қалайша әсер ететінін ба­ғамдады. Фес­тиваль қатысушы­ла­­рының зерттеулері бірнеше күн­ге жалғасып, әр күннің соңында алынған ақпаратты талқылап, пікір алмасуға арналған жиындар өтті. Мұнда келушілер өңір та­рихынан сыр шертетін Айға­ным қо­нысына, Ағынтай мен Қарасай ба­тырлардың мемориалдық кешені­не барды. Ал ең соңғы күні студенттер өз зерттеулерінің қорытындыларын жа­риялап, курорттық аймақты кли­мат­тық өзгерістің кері әсерінен сақ­тап қалу жолдарын ұсынды.

– Жалпы Қазақстанда эколо­гия­лық мәселелер көп. Арал теңізі­нің тартылуы, судың жетіспеушілігі, по­лигондар және тағы басқасы. Сол­түстік Қазақстан даласында да кли­маттың өзгеруі байқалады. Мен бұл фестиваль барысында көлік доңға­лақтарын қайта өңдеу бойын­ша өз жобамды қорғадым. Өзге қа­тарлас­тарым да түрлі қызықты өнертабыс­тарын ұсынды, – дейді Алматыдан келген студент Алмас Самаев.

Гүлназ ЖҮНІСБЕКОВА,

студент.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp