«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАЛАБЫ ТАУДАЙ ТҮЛЕКТЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 59 түлегі (барлық оқушылардың 95 пайызы) грант иегері атанды. Олар алдағы уақытта отандық және шетелдік жоғары оқу орындарында білімдерін шыңдамақ. Оның ішінде 12 түлек Жапония, Гонконг, Италия, Малайзия, Венгрия және Чехияның жетекші жоғары оқу орындарынан шақырту алды.

Камила Бекқожина мектеп тари­хында алғаш рет Токио халықара­лық университетінің (TIU) грантын иеленді. Олжас Құсайын Азиядағы ең үздік жоғары оқу орындарының бірі – Гонконгтағы қалалық универ­ситеттің шәкіртақысын жеңіп алды.

“16 түлегіміз Назарбаев универ­си­тетінің гранттарын еншілед­і. 31 оқу­шымыз (52%) басқа отандық ЖОО-да оқуын жалғастырады. Оның ішінде 30 бала мемлекеттік грант ұтып алды. Сүлейман Демирель атындағы жоғары оқу орны, М.Нәрікбаев атындағы Қазақ мемлекеттік заң, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлт­тық медицина, Астана IT универ­ситеттерінде оқиды”, – дейді хи­мия-биология бағытындағы Назар­баев зияткерлік мектебінің дирек­торы Данияр Уәлиев.

Түлектердің басым бөлігі (37,2%) инженерлік-техникалық, 15 пайызы медицина саласына қызығушылық танытқан.

Гүлмира ШОҚТЫБАЕВА,

Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp