«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДИҚАНДАРДЫҢ МАҚСАТЫ АЙҚЫН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір диқандары астық ору науқанына сақадай-сай әзірленіп, маңдай термен өсірілген несібені шашаусыз жинап алуды басты мақсат етіп отыр. Жауапты науқанмен тұспа-тұс келген “дала күні” Тайынша ауданындағы “Астық СТЕМ” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің танап басында ұйымдастырылып, оған облыстан және көршілес өңірлерден 300-ден астам диқан қатысты.

Іс-шараны кіріспе сөзбен ашқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов  күзгі орақтың маңыздылығын атап өтті.

 “Ораққа дайындықты тексеру,  айтылатын ұсыныс-пікірлер мен өтініштер негізінде қордаланған проблемаларды бірлесіп шешудің оңтайлы жолдарын қарастыру жылдағы дәстүрге айналған.  Облыста азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ішкі нарық үшін әлеуметтік маңызы бар дақылдарды көптеп өсіруге, астық өндірісін әртараптандыруға барынша басымдық беріліп отыр. Биыл қарақұмық алқабы – 2,5 есе, картоп 1,5 есе, жасымық 115,3 мың, күнбағыс 131 мың, қыша 13 мың гектарға ұлғайтылды. Топырақ құнарлылығын арттыру мақсатында 2,3 млн. гектар жерге 174,5 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізілді”, – деді Марат Иманбайұлы.

“Қазақстанда астық дақылдарын өсіру” тақырыбында өткен семинар барысында аграршылар іс-тәжірибе алмасып, жергілікті егіншілік технологиясымен танысты,  ой-пікірлерін ортаға салды. Ауыл шаруашылығы техникаларының басты жетістіктері мен озық әдіс-тәсілдердің артылықшылықтары паш етілді.

 Гүл НҰРАЛИНА.

 Тайынша ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp