«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Екі адам көз жұмды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

17 тамыз күні сағат 21:45 шама­сын­да “Астана – Петропавл” автожо­лының 431 шақырымында Аққайың ау­­данындағы Аралағаш ауылының маңында “Toyota Hiace” автомаши­на­сы мен жартылай тіркемесі бар “MAN” жүк көлігі соқтығысып қалды. Сал­да­рынан екі автокөлік те жанып кетті.

“Toyota Hiace” автокөлігінің 52 жас­тағы жүргізушісі мен оның 54 жас­тағы жолаушысы, екеуі де Астана қаласының тұрғындары – жол-көлік оқиғасы болған жерде көз жұмды. “MAN” жүк көлігінің 43 жастағы жүргі­зушісі түрлі дене жарақаттарымен об­лыстық көпбейінді ауруханаға жатқы­зылды. Жол-көлік оқиғасы фак­тісі сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиға­сы фактісі бойынша тиісті сарапта­малар тағайындалды. Оқиға орны мен көліктер мұқият тексеріліп, бар­лық мән-жайды зерделеуге бағыт­талған қажетті тергеу әрекеттері жүр­гізілуде, олардың нәтижелері бойын­ша түпкілікті процестік шешім қабыл­данатын болады.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp