«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Тамыз 18, 2023

Қырылған балық

Сергеев су торабынан төмен аққ­ан Есіл өзенінде балық қырылды. Об­лыстық экология департаментінің мә­ліметінше, бұл жайында 15 тамыз күні белгілі болған.  Оқиға орнына эко­логтар, Есіл бассейндік балық ша­руашылығы инспекциясы, табиғи ре­сурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Шал ақын ауда­нының ветеринарлық қызметі, “Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметкерле­рінен құралған жұмыс тобы барды. Есіл өзенінің жағалауы …

Қырылған балық Read More »

Екі адам көз жұмды

17 тамыз күні сағат 21:45 шама­сын­да “Астана – Петропавл” автожо­лының 431 шақырымында Аққайың ау­­данындағы Аралағаш ауылының маңында “Toyota Hiace” автомаши­на­сы мен жартылай тіркемесі бар “MAN” жүк көлігі соқтығысып қалды. Сал­да­рынан екі автокөлік те жанып кетті. “Toyota Hiace” автокөлігінің 52 жас­тағы жүргізушісі мен оның 54 жас­тағы жолаушысы, екеуі де Астана қаласының тұрғындары – жол-көлік оқиғасы болған …

Екі адам көз жұмды Read More »

Қарағандыдан келген алаяқ

Қарағанды облысында тұратын алаяқ әйел өткен жаздан бастап 2023 жылдың ақпан айына дейін әккі әрекетін іске асырып келген. Ол та­нымал сайтта төмен бағамен пәтер­ді жалға беру туралы хабарлан­ды­руды орналастырып отырған. 10 мың теңге көлеміндегі алдын ала тө­лемді алған соң клиенттердің нөмір­лерін бұғаттап, байланысқа шығуды доғарған. Осындай әдіспен бірнеше өңірдің тұрғындарын алдаған. Ха­бар­ландыруларда біздің облысымыздың орталығындағы …

Қарағандыдан келген алаяқ Read More »

АШЫЛМАҒАН АҚИҚАТТАР КӨП ӘЛІ…

Ес білгелі жүрегімді сыздатып келе жатқан сауалдың нүктесін қойғым келеді.  Сонда ғана әкеме деген құрметім еселеніп, ата-бабаларымның алдындағы міндетімді орындайтындаймын. Биыл сол тілегімді жүзеге асырудың сәті түсіп, Мәскеуден Петропавл қаласына жол тарттым. Қазақстанның солтүстігінде орналасқан қала атам мен әжемнің және әкемнің кіндік қаны тамған жер. Арғы аталарымыз Донецк облысына қарасты Таганрог ауданының Федоровка елді мекенінде …

АШЫЛМАҒАН АҚИҚАТТАР КӨП ӘЛІ… Read More »

Өзгелерге сабақ болсын деп…

Тайынша ауданының прокуратурасы пробация қызметі есебінде тұрғандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында оларды сот процесіне қатыстырып, тергеу изоляторына экскурсия ұйымдастырды. Облыс прокуратурасының мәліметінше, Тайынша ауданының прокуратурасы сотталғандар арасында тұрақты негізде профилактикалық іс-шаралар өткізеді. Солардың бірі – пробация қызметі есебінде тұрғандарды сот процесіне қатыстыру. Сотта пробация қызметі бөлімінің жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын қасақана бұзғаны …

Өзгелерге сабақ болсын деп… Read More »

“ЕЛІМ-АЙ” — ЕРЛІКТІҢ ДАСТАНЫ

Киелі Тәуелсіздік жолында ұлтымыз сан ғасырлар бойы небір қилы кезеңдер мен азапты күндерді басынан өткерді. Азаттық үшін қазақтың талай қабырғалы ерлері алтын бастарын бәйгеге тігіп, жандарын құрбан етті. Ат ауыздықпен су ішіп, ер етігімен су кешкен күреске толы сол ғасырлар әлдеқашан тарихтың терең қойнауына аттанды. Бүгінде еліміз соның бәрін терең күрсініспен, ауыр қайғымен еске алады. …

“ЕЛІМ-АЙ” — ЕРЛІКТІҢ ДАСТАНЫ Read More »

Игерілмеген жер – халық игілігіне

Өңір басшысы Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен өткен аппарат кеңесінде қысқы жылыту маусымына дайындық және ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалану мәселелері талқыланды. “Севказэнерго” АҚ-ның жаңадан тағайындалған бас директоры Анатолий Казановский өз есебінде “ақ киімді,  денелі, ақ сақалды кәрі құда – қыс келіп, әлек салғанда” ешқандай проблема туындамайтынын жеткізді. “Жылыту маусымына толық дайын боламыз. Қазір көмір қорын молайтып …

Игерілмеген жер – халық игілігіне Read More »

АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТУДЕН АСҚАН АБЫРОЙ ЖОҚ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев референдум қорытындысы бойынша Қазақстан халқына жасаған Үндеуінде қоғаммен санасатын және оның барлық талап-тілектеріне жауап беретін озық мемлекет құру міндетін қойды. Өз сөзінде: “Басқару жүйесінің тиімділігі жұмыстың барысымен емес, түпкі нәтижемен өлшенетін болады. Мемлекеттік қызметкерлер барынша ашық жұмыс жүргізіп, халыққа шынайы есеп беруі керек. Мемлекеттік қызмет дегеніміз – жеке бастың бақ-дәулетін арттыратын жер …

АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТУДЕН АСҚАН АБЫРОЙ ЖОҚ Read More »

ШЕКАРАДАҒЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ШЕШІЛМЕГЕН МӘСЕЛЕ КӨП

Президент Қасым-Жомарт То­қаев киелі Түркістанның төрінде өт­кен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында сөйлеген сөзінде ұлттық бірегейлігімізді нығайтып, еліміздің жаңа құндылықтарын орнықтырудың жолын нақты айқындап бер­ді. Солардың ішінде қоғамда жиі кө­те­рілетін өзекті проблемалардың бірі – Қазақстан үшін стратегиялық ма­ңызы зор шекаралық аймақтарды дамыту жайына ерекше тоқталды. Мемлекет басшысы: “Шекара маңын­дағы елді мекендердің ахуалы жері­міздің тұтастығына және еліміздің …

ШЕКАРАДАҒЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ШЕШІЛМЕГЕН МӘСЕЛЕ КӨП Read More »

САПАСЫЗ ОЙЫНШЫҚ САН СОҚТЫРМАСЫН!

Баланы қуанту – бір бақыт. Сәбилерімізге қалағанын әперіп, ті­лектерін орындап, түрлі сыйлықтар жасаймыз. Осы тұста олар­ды қуанту үшін алып беріп жатқан ойыншықтарымыздың сапасына мән беріп жүрміз бе? Сұрақтың жауабын білу үшін қаламыздағы ойыншық сата­тын бірқатар сауда орындарын ара­лап шықтық. Бала тұрмақ ересек­терді қызықтырып, өзіне еріксіз елі­тетін ойыншықтар дүкен сөрелерін­де тізіліп тұр. Самсап тұрған түрлі ойыншықтардың …

САПАСЫЗ ОЙЫНШЫҚ САН СОҚТЫРМАСЫН! Read More »

ТАҒЫЛЫМ НӘРІ

Есіл аудандық ардагерлер кеңесі “Шын жүректен” қанатқақты жобасы аясында үш буын өкілдеріне құрмет көрсетті. Заградовтықтар мәртебелі қонақтарды Мәдениет үйінде жылы шыраймен қарсы алып, облыстық ардагерлер кеңесінің ұрпақтар арасындағы сабақтастықты өзара ұштастыру, тағылымды өнегелерді жас буынға үлгі ету бастамасын алғашқылардың бірі болып қолдады. Мерекелік іс-шара басталар ал­дында Заградовка елді мекенінің күнделікті тіршілігі жайлы бей­не-баян көрсетілді. Одан …

ТАҒЫЛЫМ НӘРІ Read More »

Жаңартылған желілер

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақ­стан облысы бойынша департаменті ”Солтүстік Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы” АҚ-ның жаңғырту және қайта құру нысандарына баспасөз турын өткізді. Шара ”Тарифті ин­вестицияға айырбастау” тарифтік саясатын іске асыру шең­берінде табиғи монополия субъектілерінің тарифтерді көте­руден түскен қаражатты мақсатты пайдалануы, сондай-ақ инвес­тициялық бағдарламаларды іске асыру мен активтерін жаңғырту барысын ақпараттандыру үшін ұйымдастырылды. Компания …

Жаңартылған желілер Read More »

Ауаның ластануы – сан ауруға себеп

Өңірімізде биыл 3 мыңға жуық тұрғын қайтыс болса, соның шама­мен әрбір үшіншісі қан айналымы және тыныс алу жүйесі ауруларынан көз жұмған. Бұл – ресми статистикалық мәлімет. Мамандардың айтуынша, ауаның зиянды заттармен ласта­нуы денсаулыққа кері әсер етіп, өк­пенің қабынуы, демікпе, туберку­лез, жүректің ишемиялық ауруы, қан қысымының жоғарылауы сияқ­ты дерттерді тудырады. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық ба­қылау департаментінің коммунал­дық нысандарды …

Ауаның ластануы – сан ауруға себеп Read More »

Жатақханалардағы жағдай қалай?

“Аmanat” партиясы жанын­дағы “Жастар рухы” жастар қанатының мүшелері облыс орталығындағы жоғары құры­лыс-экономикалық колледжінің жатақханасына ат басын тіре­ді. Олар студенттер үйінің жағ­дайымен танысты. Бұл жатақхана осыдан жарты ға­сыр бұрын, яғни 1973 жылы са­лынған. 270 студентке шақталған. Кол­ледж әкімшілігі студенттердің жазғы демалысын пайдаланып, ғи­марат ішіне біраз жөндеу жұмыс­та­рын жүргізіпті. Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі жатақханасының меңгеру­шісі Раиса Зоринаның айтуынша, …

Жатақханалардағы жағдай қалай? Read More »

Талпынған жетер мұратқа

Ел спортының еңсесін көтеру үшін алдымен ауылдық жерлердегі жағдайды түзеу керек екенін біздің облыс басшылығы ісімен дәлелдеп келеді. Айталық, өңіріміздің орталығынан шалғай жатқан Ақжар ауданында ауыл спортына айрықша көңіл бөлініп отыр. Су жаңа спорт ғимараттары салынып, аймақтың намысын республикалық және халықаралық деңгейде қорғайтын спортшыларға жағдай жасалуда. Талшық ауылындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі сонау …

Талпынған жетер мұратқа Read More »