«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жатақханалардағы жағдай қалай?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Аmanat” партиясы жанын­дағы “Жастар рухы” жастар қанатының мүшелері облыс орталығындағы жоғары құры­лыс-экономикалық колледжінің жатақханасына ат басын тіре­ді. Олар студенттер үйінің жағ­дайымен танысты.

Бұл жатақхана осыдан жарты ға­сыр бұрын, яғни 1973 жылы са­лынған. 270 студентке шақталған. Кол­ледж әкімшілігі студенттердің жазғы демалысын пайдаланып, ғи­марат ішіне біраз жөндеу жұмыс­та­рын жүргізіпті.

Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі жатақханасының меңгеру­шісі Раиса Зоринаның айтуынша, ғи­мараттың электр желілері толығы­мен тозған. Жатақхананың едені, қа­бырғалары мен төбесі де күрделі жөндеуді қажет етеді. Жылыту жүйе­сінің де жағдайы мәз емес. Қол­данысқа берілгеннен бері пластик терезелер салынып, шатыры ғана жөнделген.

Бұл жатақханада ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар тегін тұрады. Қалғандары айына 6300 тең­ге төлейді. Жаңа оқу жылында мұнда орналасуға әзірге 220 сту­дент өтінім берген.

– Өңіріміздегі жатақханалардың барлығының дерлік жағдайы алаң­датарлық. Кемшіліктер мониторинг ба­рысында анықталуда. Туындаған қиындықтарды облыстық білім бас­қармасы және оқу ордасы басшы­лығымен бірге шешетін боламыз, – дейді “Жастар рухы” жастар қана­тының төрағасы Біржан Құдайбергенов.

Жалпы облыс аумағында 25 сту­денттік жатақхана бар. Оларды тек­се­руге аудандағы жас­тар да жұмылдырылуда. Мониторинг тамыз айының соңына дейін жүргі­зіледі.

Алдияр АЙТПАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp