«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қырылған балық

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сергеев су торабынан төмен аққ­ан Есіл өзенінде балық қырылды. Об­лыстық экология департаментінің мә­ліметінше, бұл жайында 15 тамыз күні белгілі болған.  Оқиға орнына эко­логтар, Есіл бассейндік балық ша­руашылығы инспекциясы, табиғи ре­сурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Шал ақын ауда­нының ветеринарлық қызметі, “Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметкерле­рінен құралған жұмыс тобы барды.

Есіл өзенінің жағалауы тексері­ліп, комиссия шамамен 30-40 кило­грамм нәлім мен көксерке балығы­ның қырылғанын анықтады.

Экология департаментінің қызмет­керлері су сынамаларын, вете­ри­нарлық қызмет мамандары зерт­ханалық зерттеулер жүргізу үшін ба­лықтың ұшасын алды. Зерттеу жүр­гізгеннен және балықтың өлу себебі нақтыланғаннан кейін қосым­ша хабарланатын болады.

Жергілікті атқарушы органдар са­нитарлық нормаларды сақтай оты­рып, өлі балықты жинап алып, жойды. 

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp