Айыбын мойындады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қалалық поли­ция басқармасының ғимара­ты алдында “Lada Grantа” кө­лігінің жүр­гізушісінің дрифт жа­сап жүрген бейнетүсірілімі әлеу­меттік желілерге тарап кет­ті. Желі қолданушылары­ның сө­­зінше, 18 тамыз күні сағат 03:30-да көлік 20 минут бойы ғимарат алдында шыр айнал­ған.

Іздестіру іс-шаралары бары­сын­да патрульдік полиция батальо­­­нының қызметкерлері авто­көлікті Пестрое көлінің маңындағы саяжай учаскелерінің бірінен тап­ты. Көп ұза­май жүргізуші де ұсталды, ол облыс орталығының 42 жас­тағы тұрғыны болып шықты. Ер адам көлік тізгінін­де өзі болғанын растады. Бұлай жа­сауына жеке өміріндегі қиыншылықтарға бай­ланысты туындаған эмоциялық күйзеліс себеп болғанын айтты.

Жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 596, 590, 591, 593 және 595-бапта­ры бойынша хаттамалар толтырылды. Бес баптың төртеуі бойын­ша әкімшілік айыппұл салу көз­делген. Ал  жолдың қарсы бағытына шыққаны үшін ол 6 айға көлік басқару құқығынан айырылады.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp