«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Аялдамадағы электронды табло

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласында қыр­күйек айынан бастап автобус бағыттары жайында ақпарат беретін жаңа электронды таб­лолар іске қосылады.

Жалпы облыс орталығында элек­тронды табло 2018 жылдан бері қол­данылып келеді. Олар арқылы авто­бустың неше минуттан кейін келе­тінін, қай аялдамада тұрғанын,  ауа температурасын көруге болатын. Бірақ құрылғылар жөнді жұмыс істе­ген жоқ, алдағы уақытта сол кемшілік түзетілмек.

– Жақында конкурс өткізіліп, 31 электронды табло қайтадан жұмыс істейтін болады. Бұдан бөлек, жолау­шылар ағынын анықтау үшін ав­тобустарға арнайы датчик орнатпақ­пыз. Осылайша жолаушы тасымал­даушылар қаншалықты ашық жұмыс істеп жатқанын және қанша табыс табатынын анықтайтын боламыз. Яғни, олардың жұмысы бақылауға алынады. Бұған қалалық бюджеттен қаражат бөлінді, – дейді қала әкімінің орынбасары Әділбек Әубәкіров.

Былтыр жолаушылар тасымалы­мен айналысатын компанияларға бюджеттен 2 млрд.  теңгеден астам суб­сидия төленді. Биыл оның мөл­шері 3 млрд. теңгеге жетіп, кәсіп­керлер қаражаттың бір бөлігін жұмсап үлгерген.

Қоғамдық көлік қызметін бір күнде 65-75 мың жолаушы пай­даланады. Қала ішінде 18 бағыт бойынша 185 автобус қызмет көрсетеді.

Мақпал ЕРҒАЛИЕВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp