«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тоғызы да – жүлдегер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Шымкент қаласында кикбок­синг­тен ел біріншілігі өтті. Жарыс­қа 18 командадан 211 спортшы қатысты.

Өңір намысын 9 кик­бокс­шы қорғады. Олардың барлы­ғы да жүлдегерлер қатарынан кө­рін­ді. Жерлестеріміз үш алтын, екі кү­­­міс және төрт қола медаль еншіледі.

Жарыстың фулл-контакт бөлі­мін­де 54 килограмм салмақ дәре­жесінде сынға түскен Данияр Жара­сов, 54 килограмдағы Аслан Асылбеков пен 86 килограмдағы Нұрсұлтан Жақыповтар алтыннан алқа тағынды. Ал Омар Түлебаев 81 килограмда күміс жүлдені місе тұтса, қыздар арасында 48 кило­грамда Роксана Гасымова екінші орынға табан тіреді. Қола медаль­дар Нұрсұлтан Кәрімханов, Ста­нис­лав Заграбельных, Рахат Қа­жымұратов пен Альбина Вахи­товаға бұйырды. “Спортшылары­мыз жақсы өнер көрсетті. Бір жыл бойғы дайындықтары зая кетпеді. Жерлестеріміз енді халықаралық додаларға дайындалады”, – дейді кикбоксингтен облыстың аға жат­тықтырушысы Әділ Нұржауыпов.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp