«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Шатыры ұшқан үй

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан­ның орталығы – Новоишимка ауылында қатты жел ғимараттың сыртқы қасбетін зақымдап, көпқабатты тұрғын үйдің шатырын ұшырып әкеткен.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мә­ліметінше, кешкі сағат бесте ауылда жылдамдығы секундына 30 метр болатын қатты жел соғып, жаңбыр аралас бұршақ жауған. Ауа райының қолайсыздығынан Новоишимка ауылы жарықсыз қалған. Ауылдағы 190 отбасы тұратын 1961, 1987 және 1988 жылда­ры салынған үш көпқабатты тұр­ғын үйдің шатыры жартылай ұшқан. Ал 1981 жылы салынған қырық пә­терлі тұрғын үйдің кірпіші мен шатыры, “Amanat” партиясы аудандық филиалы ғимаратының және “Нұр-сәт” сауда орталығының қас­беті зақымданған.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp