«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қосымша  гранттар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір басшысы Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен облыстық әкімдікте 2023-2024 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысын орындау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Гранттар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау үшін беріледі. Биыл жаңа оқу жылына жергілікті бюджеттен қосымша 68 грант бөлінді. Мамандар еңбек нарығының сұранысын ескере отырып даярланады, атап айтқанда, денсаулық сақтау саласы бойынша резидентураға 50 грант берілсе, тағы 18 грант педагогика, өнер және қызмет көрсету салаларына үлестіріледі.

 Жиын қорытындысы бойынша өңір басшысы облыстық білім басқармасына экономикаға қажетті мамандықтарға сұранысты сараптап, алдағы оқу жылына грант бөлу жөнінде ұсыныс енгізуді тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp