«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Құқығы қорғалды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізде биылғы жарты жылда 297 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолданылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8 пайызға көп. Петропавлда жетім ба­ла­ның құқығы тапталып, пәтер кезе­гіндегі орны заңсыз кейінге ысырыл­ған. Тексерістен кейін қалалық әкім­діктің жауапты маманына сөгіс берілді.

Мемлекеттік қызмет істері агент­тігі облыстық департаментінің мәлі­ме­тінше, көктемде Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық ша­руашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне облыс орталығының тұрғыны өтінішпен жү­гінген. Әйел патронаттық тәрбиедегі 2011 жылы туған баласын мемле­кет­тік тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегіне қоюда қателік кеткенін айтқан.

“Ол патронаттық тәрбиедегі бала­сын пәтер кезегіне 2018 жылдың ақ­пан айында қойған. Алайда kezekte.kz порталында кезек артқа сырғып, оның мерзімі 2018 жылдың қыркүйегіне ауыстырылған. Тұрғын кезектегі орын­ды қалыпқа келтіруін сұрап, тұр­ғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне хабарласқан, алай­да олар қателікті өздігінен түзетуге асықпапты. Сол себепті әйел депар­та­ментке шағымданып, шара қолдануды сұрады”, – деді департамент жанындағы басқарманың бас ма­маны Дархан Ермеков.

Департамент мамандары тексе­ріс ұйымдастырып, оның қорытын­дысы бойынша жетім баланың құқығы қорғалды. Пәтер кезегіндегі орнын қыркүйектен ақпанға ауыстырудың нәтижесінде ол 67 орынға өзгерді. Ал жауапты мемлекеттік қызметші – Пет­ропавл әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бө­лімінің бас маманы тәртіптік жауап­кершілікке тартылып, сөгіс алды. Жал­пы өткен жарты жылда тәртіптік жаза қолданылған 297 мемлекеттік қыз­мет­шінің 217-сі жергілікті атқару, қал­ғаны аумақтық мемлекеттік органдар­да еңбек еткен. Мемлекеттік қызметші атына кір келтірген үш адам жұмыстан шығарылса, 19 маманға қатаң сөгіс берілді.

“Департамент өткен жарты жылда жоспардан тыс үш тексеріс жүргізді. Тәртіптік жазаның заңсыз қолданы­луына қатысты 5 өтініш қаралды. Нә­тижесінде 8 адамның құқығының бұ­зылғаны анықталды. Аталған заңбұ­зушылықтар негізінде үш ұйғарым ен­гізіліп, бір хат жолданды. Оның нә­тижесінде тәртіптік жаза қолдану ту-ралы 3 актінің күші жойылды, 3 мемлекеттік қызметшінің құқығы қалпына келтірілді”, – дейді Дархан Ермеков.

Департамент бұдан басқа мемле­кеттік қызметшілердің жұмыс уақыты режімінің сақталуы бойынша мони­то­ринг жүргізеді. Құқық бұзушы­лықтарды анықтау үшін арнайы жоспар да бекітілген.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp