«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Қыркүйек 21, 2023

ГАЗ ҚҰНЫН ӨСІРУГЕ НИЕТТІ

«Горгаз-сервис» ЖШС газ бағасының төмендеуіне байланысты сотқа жүгінді. Белгілі болғандай, Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық  департаменті «Горгаз-сервис» ЖШС-ның топтық резервуарлық қондырғылары арқылы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағасының алдағы уақытта көтерілуі туралы ақпаратты қараған.  Серіктестік көрсеткен жобалық баға – 1 м3 үшін 677,27 теңге. Бұл бұрын қолданыста болған шекті бағадан …

ГАЗ ҚҰНЫН ӨСІРУГЕ НИЕТТІ Read More »

«QYZYLJAR АRT» – ШАБЫТТЫҢ ОРТАЛЫҒЫ

Облыстық тарихи-өлкетану музейі жанынан ашылған «QYZYLJAR АRT орталығы»  2021 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Бүгінде бұл орталық өңір тұрғындары мен меймандарының сүйікті мекеніне айналған. Өңіріміздегі айтулы мәдени шаралардың дені осы орталықта ұйымдастырылады. Орталық үш бөлікке бөлінген.  Бірінші бөлікке   жәрмеңкелер өткізуге арналған сөрелер орналастырылыпты. Бұл орындарда тұрғындар назарына Петропавл қаласы мен  аудандардағы шеберлердің  көркем бұйымдары ұсынылады. …

«QYZYLJAR АRT» – ШАБЫТТЫҢ ОРТАЛЫҒЫ Read More »

Елге сыйлы абзал ана

Тоқсан жас– екінің біріне бұйырмаған торқалы той. Кейде  пендешілікке бой ұрып, ұзақ жасаған адамдар жайында:  «Ешқандай бейнет көрмеген, ауырдың асты, жеңілдің үстімен, шалқып балқып өмір өткізген ғой», – деген сияқты қисық сөз  айтатын әдетіміз бар.  Әркімнің жүрген жолы өзіне аян. Еңсерген қиындығы да, көңілін жұбатқан  қуанышы да  олардың әжім басқан жүзінде, тарамыс тартқан қолынанақ көрінеді. …

Елге сыйлы абзал ана Read More »

АТЫҢНАН АЙНАЛАЙЫН, АЙТУАР!

       Киелі Қызылжар өңіріндегі кез келген ауылдың өз тарихы бар. Топырағын түртсең төгіле сөйлейтін, небір дана тұлғаларға құтты мекен болған елді мекендердің әрқайсысына жеке тоқталсақ артықтық етпейді. Бүгінгі мақаламыз жезтаңдай әнші, ақын Игібай Әлібаевты құндақтаған  Жамбыл ауданындағы  Айтуар ауылы жайлы болмақ.             Талантты тұлға бір шығармасында:           «Туған жерім, қымбаттым, Айтуарым,           Сезіп пе ең …

АТЫҢНАН АЙНАЛАЙЫН, АЙТУАР! Read More »

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

“Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің “Қызылжар-Ақпарат” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Есіл, Мамлют, Тимирязев аудандарының әкімдерін сайлау  алдындағы үгіт материалдарын орналастыру үшін баспасөз бетінен орын берудің шарттарын жариялайды. БАСПА МАТЕРИАЛДАРЫ ҮШІН ОРЫН БЕЛГІЛЕУ ТӘРТІБІ Газетте баспа материалдарына орын белгілеу “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Конституциялық заңға сәйкес жүзеге асырылады.Баспа материалдары үшін орын белгілеу Есіл, Мамлют, Тимирязев аудандарының  әкіміне кандидаттардың …

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Read More »

АЛҚАП БАСЫНДАҒЫ «АРПАЛЫС»

Биылғы егін орағының жоспардағыдай жүргізілуіне  үздіксіз жауған  жаңбыр кедергі келтірді. Бұл уақытта жиым-терім жұмыстарын аяқтауға жақындап қалатын диқандар әзірге бидайдың 53 пайызын ғана қамбаға құйған. Астықты өңірлердегі жағдай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  бақылауында. Президенттің тапсырмасына сәйкес аграрийлерге барлық қолдау шаралары көрсетілуде. Жуырда  облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов аудандарды аралап, диқандармен кездесті. Марат Иманбайұлы ең …

АЛҚАП БАСЫНДАҒЫ «АРПАЛЫС» Read More »

РИЗАБЕККЕ ЕЛ РИЗА

Сербияның астанасы Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында жерлесіміз Ризабек Айтмұхан ел тарихында тұңғыш рет еркін күрестен ел қоржынына алтын жүлде салды. Балуанды тарихи жеңісімен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады. «Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқанды Белградта өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында алтын медаль иеленуімен құттықтаймын! Ол қазақ балуандары арасында тұңғыш рет әлем чемпионы атанды. Бұл …

РИЗАБЕККЕ ЕЛ РИЗА Read More »