Ғауез Нұрмұхамбетов – облыс әкімі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

Ғауез Нұрмұхамбетов 1968 жылы Қостанай облысындағы Қарасу ауданының Майский ауылында дүниеге келген.1992 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын «ғалым агроном», 2002 жылы Челябі мемлекеттік университетін «заңгер», 2008 жылы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін «экономика бакалавры» мамандығы бойынша тамамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Ғауез Торсанұлы өзінің еңбек жолын 1985 жылы Қостанай облысындағы  Комсомол ауданына қарасты «Магнайский»  кеңшарының  № 1 бригадасының механизаторы болып бастады. 1992-1994 жылдары Торғай облысы Октябрьсий ауданы Вильямс атындағы кеңшардың  бас агрономы болды. 1994-1996 жылдары Қостанай облысының  Қостанай ауданындағы  “Московский” кеңшарының бас агрономы, 1996-1997 жылдары  Комсомольский ауданындағы  «Боскольское» серіктестігінің  директоры болып еңбек етті. 1997-2008 жылдары Қостанай облысы Таран және Қарабалық аудандарының, 2008-2009 жылдары Қостанай қаласының әкімі болды. 

2009 жылдан 2011 жылға дейін Қостанай қаласындағы “Содружество” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  бас директорының орынбасары,  2011-2012 жылдары Қостанай облысы Әулиекөл ауданының әкімі, 2012 жылдан 2014 жылға дейін Қостанай қаласының әкімі лауазымын атқарды.  2014 жылдан 2015 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы, 2015 жылдан 2023 жылға дейін Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары болды. 2023 жылдың 25 қантарында  Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp