«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Қыркүйек 26, 2023

МЕЖЕ БИІГІНЕН ТАБЫЛҒАН МЕКЕМЕ

 Әрбір қазақстандық жұмыс істеп, жарнасын уақтылы аударып отырса, ертеңгі қария шаққа жеткен кезде жылдар бойғы еңбегінің зейнетін көрері ақиқат. Осы ретте «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы еліміздің барлық өңірлеріндегі филиалдары арқылы жұртшылыққа болашаққа қазірден бастап қамдану керектігі жайындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізіп келеді. Бұған «БЖЗҚ» АҚ-ның Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының бір күнгі жұмысымен танысу …

МЕЖЕ БИІГІНЕН ТАБЫЛҒАН МЕКЕМЕ Read More »

ҚОРДЫҢ КӨМЕГІ ҚОМАҚТЫ

Биыл «Қазақстан халқына» қорының білім гранттары» қайырымдылық бағдарламасы аясында 850 грант бөлініп, оның  тоғызы  Солтүстік Қазақстан облысының балаларына бұйырды. Қайырымдылық қорының қолдауымен облысымыздың тоғыз түлегі студент атанып, тегін білім алуда.  Студенттер «Қазақстан халқына» қоры есебінен білім алып қана қоймай, ай сайын шәкіртақы алу мүмкіндігіне де ие. Грант иегерлерінің тізімі қордың сайтында жарияланды. Естеріңізге сала кетейік, …

ҚОРДЫҢ КӨМЕГІ ҚОМАҚТЫ Read More »

МІРЖАҚЫП ТУРАЛЫ ФИЛЬМ

Қызылжар кинотеатрларында неге көрсетілмейді? Өткен жылы «Қазақстан» телерадиокорпорациясы Алаш арысы Міржақып Дулатұлының өмірінен сыр шертетін «Міржақып. Оян, қазақ!» сериалын түсіріп, аталған туынды көрерменнің жоғары бағасына ие болды. Соңғы кездері сынға жиі ұшырайтын қазақ киноларының арасында аталған сериалдың бәсі биік тұр. Туындыдағы заман келбетінің шынайылығын, актерлардың шеберлігін кино сыншылары мен белгілі қаламгерлер жиі айтады. Алайда «Міржақып. …

МІРЖАҚЫП ТУРАЛЫ ФИЛЬМ Read More »

Кенеп бетіндегі көркем әлем

Өңіріміздің мәдени өмірінің дамуына үлес қосып отырған руханият ордасының бірі – облыстық бейнелеу өнері музейі.  Мамандардың айтуынша, бейнелеу өнерінің ерекшелігі, аты аңғартып тұрғандай, жанды бейнені көз алдыңа әкелу деген мағынаны білдіреді екен.  Қылқаламның құдіретімен салынған тамаша туындыларды өнерсүйер қауымға тарту етуді мақсат тұтқан музейдің ғылыми қызметкері Гүлнұр Зейнелғабиденовамен болған сұхбатымызды назарларыңызға ұсынып отырмыз.       – …

Кенеп бетіндегі көркем әлем Read More »

СУ ҚҰБЫРЛАРЫН ТАРТУҒА ҚАРЖЫ ҚАЖЕТ

Мемлекет басшысы «Әділетті  Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Электр қуаты, жылу және су – тұрмысқа аса қажетті игіліктер. Оны үнемдеп пайдалану керек. Әбден ескірген инфрақұрылым әрең жұмыс істеп тұр. Сондықтан жаңа инфрақұрылым салу – өте маңызды міндет, қазіргі нарықтың талабы» деген болатын. Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – мемлекеттің стратегиялық міндеттерінің бірі. …

СУ ҚҰБЫРЛАРЫН ТАРТУҒА ҚАРЖЫ ҚАЖЕТ Read More »

ДИҚАНДАР ҚОЛДАУСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Өңірімізге жұмыс сапарымен Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров  келіп, бірқатар агроқұрылымдардың басшыларымен кездесті, олардың көкейінде жүрген сауалдарына жауап берді. Биыл облысымыздағы  егістік алқаптары орақ уақытында толассыз жауған жаңбырдан зардап шегіп,  жаңа сұрыпты  бидайдың сапасы біршама нашарлаған. Министрдің сапары Ғабит Мүсірепов атындағы ауданнан басталды. Айдарбек Сейпілұлы облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетовпен бірге «Ишим-Гарант» жауапкершілігі шектеулі …

ДИҚАНДАР ҚОЛДАУСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ Read More »

ҚҰРЫЛЫС САПАСЫ – ЖІТІ НАЗАРДА

Жексенбі күні облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облыс орталығында салынып жатқан нысандарды аралап, тұрғын үйлердің құрылысы мен абаттандыру жұмыстарының аяқталу барысын тексерді. Петропавл көшелерін жөндеу және саябақтарды салу жұмыстарымен де танысты.  «Жас өркен» және «Береке» шағынаудандарында жаңа емханалардың құрылысы аяқталуға жақын. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында «Орман» шағынауданында жаңа мектептің құрылысы басталды. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов …

ҚҰРЫЛЫС САПАСЫ – ЖІТІ НАЗАРДА Read More »

Солтүстікқазақстандықтар – Азия ойындарында

Өткен демалыс күндері Қытайдың Ханчжоу қаласында ХІХ Азия ойындарының ашылу салтанаты өтті. Төрт жылда бір рет өтетін құрлықтық бәсекеге 45 елден 15 мыңнан астам спортшы қатысуда. Олар 40 спорт түрінен 481 медаль жиынтығын сарапқа салады. Жазғы ойындардың салтанатты ашылуында қатысушы командалар сап түзеп, өз елінің туын көтеріп шықты. Қазақстан ұлттық құрамасының көк байрағын көтеріп жүру …

Солтүстікқазақстандықтар – Азия ойындарында Read More »

ЖАҢА ӘКІМДІ ТАНЫСТЫРДЫ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Президент Әкімшілігінің Басшысы Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жиналысына қатысты. Олжас Бектенов депутаттарға Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына Сәтжан Әйтенұлы Аблалиев пен Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетовтің кандидатураларын ұсыну туралы Қазақстан Республикасы Президентінің хатын оқып берді. Ашық дауыс берудің нәтижесінде 56 депутат Сәтжан Аблалиевке, ал 118 депутат Ғауез Нұрмұхамбетовке …

ЖАҢА ӘКІМДІ ТАНЫСТЫРДЫ Read More »

Ғауез Нұрмұхамбетов – облыс әкімі

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Ғауез Нұрмұхамбетов 1968 жылы Қостанай облысындағы Қарасу ауданының Майский ауылында дүниеге келген.1992 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын «ғалым агроном», 2002 жылы Челябі мемлекеттік университетін «заңгер», 2008 жылы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін «экономика бакалавры» мамандығы бойынша тамамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты. Ғауез Торсанұлы өзінің еңбек жолын …

Ғауез Нұрмұхамбетов – облыс әкімі Read More »